ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а.
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
15
Қараша
2023

Мектеп парламенті “Балалық шақты бірге қорғайық” челленджіне қатысуда.
Бақытты шақты бірге қорғап, бағалайық!

9
Қараша
2023

2 а сынып оқушылары “Жүргізушіге хат”челленджіне қатысуда.
Сынып жетекшісі:Ш.К.Тусупбекова

32

15
Қараша
2023

Бастауыш сыныптар апталығы басталды

9
Қараша
2023

10 «А», 11”Ә” сыныбында «Буллинг және кибербуллинг» тақырыбындағы сынып сағаты өтті.

Сынып сағатының мақсаты: Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу.

Оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату.

9
Қараша
2023

Қараша айының 8 ші жұлдызы күні КСРО халық әртісі, режисер, актер данықты жерлесіміз Ш.Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Шәкенттану» арнайы курсына қатысатын 8 а сынып оқушылары мен сынып жетекшісі А.С.Солтаналина мен «Шәкенттану» курсының жетекшісі Е.Б.Рахимтаев Торайғыр ауылына рухани саяхат ұйымдастырды. Саяхат барысында оқушылар мектеп автобусымен ең әуелі Ш.Айманов, К.Кенжетаев өмірге келген балалық шағы өткен «Айманбұлақ» қыстауына тоқтады. Оқушылар тазалық жұмыстарын жүргізіп, Ш.Аймановтың туған жері, балалық шағы туралы құнды мәліметтермен қанықты. Ары қарай саяхат ақиық ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мазарында жалғасын тапса, одан әрі Торайғыр сақ қорғандарында жалғасты. Жалпы саяхат маршруттының соңғы нүктесі Торайғыр ауылындағы «Әулие бұлақ» болды. Әулие бұлақ басынан оқушылар шипалы судан дәм татып, қызыл кітапқа енген қанды қарағаш ағашының тарихымен танысты.

35

9
Қараша
2023

6 «б» сынып оқушыларымен "Дұрыс тамақтану" атты сынып сағаты өткізілді.
Өткізген: мектеп медбикесі: Л.К.Акмолдина,
Сынып жетекшісі: Ш.К.Қамаш.

31

9
Қараша
2023

Мектебімізде 2023-2024 жаңа оқу жылының 2 тоқсан басталуына орай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде «Жас Ұлан» ұйымының жылдық жоспарына сай атқаратын жұмыстар қаралып, облыстық жобалар мен байқаулар қатысу жөнінде талқыланды.
Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.Қазақстан халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік әлеуетті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналылығын арттыру,танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыта отырып тәрбиелеу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілетіні шешілді.

33

8
Қараша
2023

Мектеп-интернаттың 2-3 сынып тәрбиеленушілерінің бос уақытын көңілді өткізу мақсатында орманға саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: күздің соңғы күндерінде табиғатты тамашалап, таза ауамен демалып, көңіл көтеріп серуендеу. Тәрбиеші: Ж.С.Сейтова

© 2024. Все права защищены.