|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
3
Маусым
2024
|
Мектебіміздің “Қарлығаш” бейінді лагері өз жұмысын салтанатты түрде бастады. Биылғы жылы “Қарлығаш” бейінді лагерінде 16 үйірме жұмыс жасайды және лагерь экологиялық бағытта жұмыс жасайтын болады. Оқушылар үшін қызықты іс-шаралар жоспарлануда. “Қарлығаш” бейінді лагерімен бірге өткізген оқушылардың демалысы қызықты өтері сөзсіз.
|
3
Маусым
2024
|
Облыстық “Бүлдіршін -2024” балалар шығармашылығы фестиваліне қатысып, 1 орын иегері атанған мектебіміздің даярлық сынып оқушысы Аманжолова Аружан Жандосқызы құттықтаймыз !

“Тұлпар” жазғы сауықтыру лагері тәрбиеленушілермен “Сарыадыр” бұлағына саяхат жасады. “Біз бәріміз балалық шақтанбыз ….” атты көңілді старт ұйымдастырды дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Н.Сенбин,Н.Абдуов

Іс - тәжірибенің кезекті күнінде оқушылар нұсқау күттірмей-ақ жабайы шалғынның алынатындарын қолмен жұлып, алынбайтындарын электрорақпен орғызып, гүлзарларды дайындады. Тәрбиеші Абилова Г.Б., нұсқаушы Алибекова С.С., сынып жетекші Джакитов А.Д.
|
3
Маусым
2024
|
1-маусым “Балаларды қорғау күнінде” Тұлпар жазғы сауықтыру лагерінің ашылуы өтті. Күн тәртібінде таңғы жаттығу, таңғы ас сонымен қатар балаларға балмұздақ таратылды. Аудандық мәдениет үйіндегі шараны тамашалап көрермен болды. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет — болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.
|
31
Мамыр
2024
|
31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай мектеп ұстаздары мен оқушылар қорымға барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

|
3
Маусым
2024
|
Облыстық "Бүлдіршін -2024" балалар шығармашылығы фестиваліне қатысып, 2 орын иегерлері атанған мектебіміздің даярлық сынып оқушыларын құттықтаймыз! Жетекшісі: Ибадуллина Баян Зейдекпаровна.

|
30
Мамыр
2024
|
Мектебіміздің ұйымдастыруымен «ЭКОLIFE» мектебінің «Экоboom» жобасы аясында «Экоstart» акциясы өз жұмысын жалғастыруда. Атсалысуға шақырамыз!






