|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
- Просмотров: 129
Тұлпар” жазғы сауықтыру лагерінің 1-ші кезеңінің 3-ші күні.
⛹🏻🤸🏻♀️таңғы жаттығу өткізілді.
⛳️⛹🏻🏃🏻♀️”Спорттық эстафета” спорттық жарыстар өткізілді.👭👬 қызықты сайыстар ұйымдастырылды
- Просмотров: 131
“Тұлпар” жазғы сауықтыру лагерінің 1-ші кезеңінің 2-ші күні.
⛹🏻🤸🏻♀️Күніміз әдеттегідей таңғы жаттығудан басталды.
🚌 Торайғыр ауылына саяхат жасап, табиғат аясында кітап оқып, ойындар ойнап уақытты көңілді өткізді.
|
3
июня
2026
|
- Просмотров: 156
Қарлығаш» бейінді лагерінің 3-күні қызықты өтті! 🌿
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты жанынан ұйымдастырылған «Қарлығаш» бейінді лагерінің 3-күні көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерлерге толы болды.
Күн барысында оқушылар түрлі танымдық және шығармашылық жұмыстарға қатысып, қызықты ойындар ойнады, өз қабілеттерін шыңдап, жаңа достарымен уақыттарын көңілді өткізді. Әрбір іс-шара балалардың белсенділігін арттырып, жазғы демалыстың қызықты өтуіне ықпал етті.
✨ Лагерьдің әр күні – жаңа білім, жаңа достық және ұмытылмас естеліктер!
|
3
июня
2026
|
- Просмотров: 146
Тақырып: «Кітаптар әлеміне саяхат»
Бүгін “Қарлығаш” бейінді лагерьде «Кітаптар әлеміне саяхат» тақырыбы бойынша қызықты жұмыстар атқардық. Алдымен гайдбукпен танысып, күнделігімізді толтырдық. Кейін кітап квест ойынына қатысып, ойын картасын жасадық. Әртүрлі тапсырмаларды орындап, кітап кейіпкерлері мен шығармалары туралы білімімізді толықтырдық.
Сонымен қатар, Бердібек Соқпақбаевтың Менің атым Қожа шығармасын талдадық. Шығарманың басты кейіпкері Қожаның мінезі мен іс-әрекеттері туралы пікір алмастық. 1 және 2-тапсырмаларды орындадық.
|
3
июня
2026
|
- Просмотров: 141
Құрметті ата-аналар!
🔹Естеріңізге саламыз:
🔹Балаларды ашық терезесі бар бөлмеде қараусыз қалдырмаңыз;
🔷Терезелерге арнайы бекіткіштер мен шектеу құрылғыларын орнатыңыздар;
🔹Баланың терезе алдына шығуына мүмкіндік беретін жиһаздарды алыстатыңыз;
🔹Москиттік торларға сенбеңіз олар баланың салмағын көтере алмайды.
🔹Балалардың қауіпсіздігі ересектердің жауапкершілігі.
🔹Балаларыңызды қорғаңыздар!
🔶Балалар біздің болашағымыз!

- Просмотров: 125
«Қарлығаш» бейінді лагерінің 2-күні қызықты әрі мазмұнды өтті! 🌿
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты жанынан ұйымдастырылған «Қарлығаш» бейінді лагерінің екінші күні балалар үшін ерекше әсерге толы болды.
Күн барысында оқушылар әртүрлі үйірмелерге қатысып, өздерінің шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытты. Қызықты тапсырмалар орындап, жаңа достар тауып, уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізді.
🌟 Лагерьдің әр күні балаларға жаңа мүмкіндік пен жарқын естеліктер сыйлауда!
- Просмотров: 129
«Тұлпар» жазғы сауықтыру лагерінің І ауысымы өз жұмысын бастады
🌞Жаз мезгілінің басталуымен балалардың асыға күтетін демалыс кезеңі де келді. Осыған орай «Тұлпар» жазғы сауықтыру лагерінің І ауысымы өз жұмысын бастады. Лагерьдің ашылу салтанаты көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, балаларды қызықты да мазмұнды демалыс күтіп тұр.
🌟Лагерьдің негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, денсаулықтарын нығайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және бос уақыттарын пайдалы өткізуге жағдай жасау. 💪Демалушылар үшін түрлі спорттық жарыстар, танымдық ойындар, шығармашылық байқаулар, мәдени-көпшілік іс-шаралар мен экскурсиялар ұйымдастырылады.
🌸Алғашқы күні балалар лагерь ережелерімен танысып, тәрбиешілермен және жаңа достарымен жүздесті. Әр топ өз атауын таңдап, ұранын бекітті. Ашылу мерекесінде әндер шырқалып, билер орындалып, көңілді ойындар өткізілді.
🌞Жазғы сауықтыру лагері балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың достық қарым-қатынас орнатуына, жаңа әсерлер мен ұмытылмас естеліктер жинауына мүмкіндік береді. «Тұлпар» лагерінің І ауысымы барлық қатысушылар үшін қызықты оқиғаларға, жарқын әсерлерге және көтеріңкі көңіл-күйге толы болмақ.









