ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
25
мая
2026

Оқушыларымен «Заң және тәртіп» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар заңды құрметтеу, тәртіп сақтау, құқық пен міндет ұғымдары туралы мағлұмат алды. Әртүрлі тапсырмалар мен пікір алмасу арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.
Мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілікке, әдептілікке және тәртіпті болуға тәрбиелеу.

41

25
мая
2026

25 мамыр күні мектебімізде «Сыңғырла, соңғы қоңырау – 2026!» атты салтанатты соңғы қоңырау жиыны жоғары деңгейде өтті.
Салтанатты шараға Аудан әкімінің орынбасары Талипов Қинаят Қайроллаұлы және білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Нұртаева Гүлнази Зиноллаевна, мектебіміздің ардақты ардагер ұстаздары қатысты. Сонымен қатар 1956 және 1966 жылғы мектеп түлектері арнайы келіп, жас түлектерге ақ тілектерін арнады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру құрметі мектебіміздің «Алтын белгі» үміткерлері — Сарсенбай Нұрсая, Нұржанқызы Ясмин, Жумаканова Айым және Қуан Әминаға берілді. 🇰🇿
Мерекелік шара барысында «Эко-отбасы» сайысының марапаттау рәсімі өтіп, білім беру саласының дамуына қосқан зор үлесі, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін ұстаздар марапатталды.
Сондай-ақ 5, 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70 жылдық түлектер қауымына сөз беріліп, жүрекжарды естеліктер мен ақ тілектер айтылды.
Шараның ең әсерлі сәті — соңғы қоңырау соғу рәсімі болып, бұл құрмет 11-сынып оқушыларына берілді. 🔔
Биылғы түлектерге ақ жол тілейміз! Армандары асқақ болып, болашақтары жарқын болсын! ✨

22
мая
2026

Мектебімізде 10 ә, 8 а, 6 б, 5 а, 5 ә, 8 ә, 6 а, 9 а, 7 а, 6 ә сыныптарында «Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының мақсаты – оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін нығайту. Іс-шара барысында оқушылар білімнің маңыздылығы, ел болашағына қосар үлесі туралы ой бөлісіп, түрлі танымдық тапсырмалар орындады.
Жас ұрпақтың саналы, білімді әрі елжанды болып өсуіне бағытталған тәрбиелік шара жоғары деңгейде өтті.

34

25
мая
2026

«Заң мен тәртіп» тақырыбында 1 а сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға заңды құрметтеу, тәртіп сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу туралы түсінік берілді. Оқушылар түрлі жағдаяттарды талқылап, өз ойларымен бөлісті.
Мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

22
мая
2026

«Менің эко-отбасым» байқауының қорытындысы.

Жалпы байқауға 20 отбасы қатысты.
Байқау ережесіне сәйкес әр оқушы отбасы мүшелерімен бірге берілген экологиялық «Таза үй», «Суды үнемдеу», «Жасыл өсімдік», «Энергия көзін үнемдеу» және «Эко-идея» тапсырмалары орындады. Әр орындалған жұмыс презентация, бейнефильм арқылы расталды.Әр отбасы 50 кг макулатура тапсырды.
Жіберілген жұмыстардың арасында кемшіліктерде анықталды бағалау критерийлері бойынша мысалы тапсырмалар толық орындалмаған,отбасы мүшелері толық қатыспаған,шығармашылық жұмыс және уақытында тапсыру сақталмаған.
Қазылар алқасының шешімі бойынша байқауының жеңімпазы және арнайы номинациялар тағайындалды. «Ең үздік экоотбасы» женімпазы 3а сыныбының оқушысы Серік Айлин, номинациялар « Жас эколог» 1а сыныбының оқушысы Шайзадова Айлана, «Ең ұйымшыл экоотбасы» 2а сынып Садакова Алуа және 7а сынып оқушылары Садакова Мадина, «Табиғат жаңашыры» 2а сынып оқушысы Тұрысбек Көркем, «Жасыл әлем қорғаушысы» 4 а сынып оқушысы Оразбекова Надира, «Эко-бастама көшбасшысы» 6а сынып оқушысы Сануар Еркежан. Марапаттау рәсімі 25.05. соңғы қонырау саптық жиында табысталады. Барлық қатысушыларға табиғатты қорғауға қоскан үлестері үшін

22
мая
2026

Мектепалды “Ә” сыныбында “ Білімім - Отаныма “ атты тәрбие сағаты өтті.
Өткізген: Б.З.Ибадуллина

22
мая
2026

Тақырыбы: Баланың жаны – нәзік әлем.
Мектебімізде ата-аналармен маңызды кездесу өтті. Педагог-психологтар Молдасарина Г.К., Шәріп Н.Н. және Жуматова А.А. «Балалар мен жасөспірімдерге эмоционалдық қиын жағдайларда көмек көрсету» және «Суицидтің алдын алу» тақырыптарында ашық диалог құрды.
Жиналыс барысында:
Бала мінез-құлқындағы өзгерістерді қалай байқауға болады?
Эмоционалдық дағдарыс кезінде ата-ананың алғашқы әрекеті қандай болуы керек?
«Менің баламның қауіпсіздік радары» атты практикалық нұсқаулықпен таныстық.
Бала – біздің айнамыз. Оның ішкі тыныштығы үшін біз үнемі қолдаушы әрі сенімді серіктес болуымыз қажет.

22
мая
2026

Дене шынықтыру және АӘТД пәндері апталығының аяқталуына байланысты мектебіміздің мұғалімдері арасында волейбол жарысы өтті.
Жарысқа әр пән бірлестігінен бір команда қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Мұғалімдер спорттық шеберліктерін танытып қана қоймай, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін көрсете білді.
Сайыс барысында командалар белсенділік танытып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.

22
мая
2026

22 мамыр күні тарих пәнінің мұғалімі Опабекова Динара Карибаевна 5 “ә” сынып оқушыларына “Алаш арыстары” атты зияткерлік ойын өткізді. Динара Карибаевна қазақ халқының тәуелсіздігі, білімі, тілі мен жері үшін күрескен қазақ зиялылары жайлы деректі мәліметтер келтірді. Алаш арыстарының елді өркениетті, білімді, дербес мемлекет етуге ұмтылғаны жайлы ақпарат арқылы оқушылардың танымдық қабілеттеріне назар аударды.
Зияткерлік ойын барысында
Алаш арыстары
Әлихан Бөкейханұлы,
Ахмет Байтұрсынұлы,
Міржақып Дулатұлы,
Мағжан Жұмабаев,
Жүсіпбек Аймауытов сияқты зиялылардың ұлт тарихындағы рөлін айқындалды

© 2026. Все права защищены.