ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
18
мая
2026

1а сынып оқушыларымен 15 -мамыр отбасы күні қарсаңында сынып сағаты өткізілді. Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды

23

13
мая
2026

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Таза Қазақстан – Таза Баянауыл» фото және видео байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Шараға 8а, 8ә, 10а, 10ә сынып оқушылары қатысып, «Таза табиғат», «Эко әрекет», «Таза Қазақстан – менің үлесім» номинациялары бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Қатысушылар табиғаттың әсем көріністерін бейнелеп, тазалық жұмыстары мен экологиялық бастамаларды насихаттайтын әсерлі фото және бейнероликтер көрсетті.
Байқау барысында жұмыстардың тақырыпты ашуы, шығармашылық ерекшелігі, сапасы мен экологиялық маңызы бағаланды. Үздік жұмыстар марапатталып, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
Табиғатты аялау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз!

18
мая
2026

Бүгін мектебімізде дене шынықтыру және алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндері апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Апталықтың мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтына қызығушылығын арттыру, спортқа баулу, патриоттық рух пен тәртіпті қалыптастыру. Ашылу барысында оқушылар өз белсенділіктерін танытты.
Апталық аясында спорттық жарыстар, эстафеталар, әскери-патриоттық сайыстар және танымдық шаралар ұйымдастырылатын болады.
Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!

13
мая
2026

12-15 мамыр аралығында жалпы орта білім беретін мектептердің 10 сынып жасөспірімдерімен далалық оқу-жаттығу жиындары өтуде.

18
мая
2026

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!

Білім беру жүйесіне қатысты барлық мәселелер бойынша Білім беру басқармасының басшысына жүгіне аласыздар.

Білім беру жүйесіне қатысты оқу процесін ұйымдастыру, білім алу жағдайлары, қосымша білім беру және өзге де мәселелер бойынша өтініштер белгіленген тәртіпте қаралатын болады.

Ашық диалог пен кері байланыс тиімді шешімдер қабылдауға және білім беру жүйесін әрбір азамат үшін одан әрі жақсартуға мүмкіндік береді.

Уважаемые жители Павлодарской области!

По всем вопросам, связанным с системой образования, вы можете обращаться к руководителю Управления образования.

Обращения по вопросам системы образования, организации учебного процесса, условий обучения, дополнительного образования и другим направлениям будут рассмотрены в установленном порядке.

Открытый диалог и обратная связь помогают находить решения и делать систему образования лучше для каждого.

21

13
мая
2026

“Экоboom” жобасы аясында ұйымдастырылған “Экоstart” акциясының кезекті жеңімпазы марапатталды!
Акция нәтижесі бойынша 6 “А” сынып оқушысы Бақбай Қайрат 600 кг қатты тұрмыстық қалдықтарды тапсырып, велосипед ұтып алды!
Бұл бастама – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадам.
♻️ Құрметті Баянауыл тұрғындары!
Сіздерді де осы игі іске белсене қатысуға шақырамыз!
600 кг тұрмыстық қалдық тапсырып, сіз де велосипед ұтып алу мүмкіндігіне ие бола аласыз.
Акция әлі де жалғасуда!
Табиғатты бірге қорғайық!

16

14
мая
2026

19

13
мая
2026

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

✔️Жарлықтың негізгі мақсаты – жасанды интеллект жедел дамып келе жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз етіп, адами капиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау.

✔️Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін дербес оқыту тетігін, цифрлық инфрақұрылымды, педагог кадрлар даярлауды, білім алушылардың жеке мәліметтерін қорғауды көздейтін Орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің 2026-2029 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітеді.

✔️Жарлықта Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің мүшесі Ли Кай-Фудің ұсынымдарын жұмыс барысында қолдану қарастырылған. Үкімет қала мен ауыл мектептері арасында білім беру сапасының алшақтығын қысқарту мақсатында 2026 жылдың 1 маусымына дейін орта білім беру саласындағы пилоттық жобаны іске асыру, оны одан әрі кеңінен тарату жөнінде нақты ұсыныстар енгізуге тиіс.

✔️2026 жылдың 1 тамызына дейін пилоттық жобаны іске асыру аясында мектептер техникалық тұрғыдан жарақтандырылады, соның ішінде тұрақты, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етіледі.

✔️2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттары бекітіледі.

✔️Сондай-ақ 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін педагогтердің кәсіби тұрғыдан үздіксіз дамуын көздей отырып, олардың қызметіне нұқсан келтірмей әрі алмастырмай жасанды интеллект технологияларын білім беру процесінде қосымша тиімді құрал ретінде пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жоспары қабылданады.

Жарлық мәтіні баспасөзде жарияланады.

14
мая
2026

Құрметті ата-аналар!

Баланың қауіпсіздігі көбінесе сіздердің қадағалауларыңызға, жеке үлгілеріңізге және көшеде өзін дұрыс ұстау ережелерін уақытында түсіндірулеріңізге байланысты.

Балаға велосипед немесе самокат тебуге рұқсат бермес бұрын, көліктің оның жасына және бойына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Бала рульді сенімді ұстап, аяғын жерге еркін тигізіп, тежегішті оңай қолдана алуы керек.

Қорғаныс құралдарына ерекше назар аудару қажет. Қысқа серуен кезінде де бала міндетті түрде:
• қорғаныс шлемін;
• тізеқаптарды;
• шынтаққаптарды;
• қажет болған жағдайда қолғап пен қол қорғағыштарын киюі тиіс.

Шлем құлаған кезде бастың ауыр жарақат алу қаупін едәуір азайтады, сондықтан оны пайдалану міндетті ережеге айналуы керек.

Серуенге шығар алдында велосипедтің немесе самокаттың жарамдылығын міндетті түрде тексеріңіз:
• тежегіштері жұмыс істей ме;
• дөңгелектері мықтап бекітілген бе;
• рулі дұрыс жұмыс істей ме;
• құрылымында зақым жоқ па.

Балаға жол қозғалысы мен қауіпсіз мінез-құлық ережелерін түсіндіріңіз:
• жолға кенеттен шығып кетуге болмайды;
• жүріп келе жатқан көліктердің жанында тебуге тыйым салынады;
• жолақтар мен аулалардан өткен кезде жан-жағына қарау қажет;
• қозғалыс кезінде телефонға немесе құлаққапқа алаңдауға болмайды.

Кіші жастағы балаларға тек ересектердің бақылауымен және қауіпсіз жерлерде — аулаларда, саябақтарда, арнайы алаңдарда және веложолдарда ғана тебу ұсынылады.

Кешкі уақытта баланы айналадағылар жақсы көруі үшін жарық шағылыстыратын элементтер мен ашық түсті киімдерді пайдаланыңыз.

Есіңізде болсын: балалардың көшедегі қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыратын — ересектер.

12
мая
2026

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік концерт өтті 🇰🇿

Бұл ерекше күні қыздарымыз өз өнерлерін көрсетіп, ер азаматтарымызға және ұстаздарымызға арнап ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Мерекелік кеш көрермендерге ерекше әсер қалдырып, жылы эмоциялар мен әдемі естеліктер сыйлады ✨

Барша ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, табыс және бейбіт өмір тілейміз!

© 2026. Все права защищены.