|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
- Просмотров: 24
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектебімізде 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай «Рақмет…» атты челлендж ұйымдастырылды.
Челлендждің мақсаты – оқушылардың бойына ризашылық сезімін ұялату, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, айналасындағы жандарға алғыс айта білу мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар ата-аналарына, ұстаздарына жүрекжарды алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жолдады. Әрбір айтылған «Рақмет» – шынайылық пен адамгершіліктің көрінісі болды.
Алғыс айту – ізгіліктің бастауы.
|
25
февраля
2026
|
- Просмотров: 19
1,2,3-сынып интернат тәрбиеленушілерімен мектебіміздің әлеуметтік педагогі П.Б. Жакеновамен “Тәртіп- тәрбие бастауы!” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Сынып тәрбиешілері: А.О.Садыкова
Н.М.Амирова
Д.Д.Манзулова

- Просмотров: 25

- Просмотров: 20
Логопедтің «Л» дыбысын дұрыс айтуға арналған ашық сабағы жоспарға сай өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға «Л» дыбысының дұрыс артикуляциясын меңгерту, оны буында, сөзде және сөйлемде дұрыс қолдануға дағдыландыру болды. Өткізген: Багимбекова А.У.
|
24
февраля
2026
|
- Просмотров: 17
Өнер бірлестігі апталығының ашылуы
Мектебімізде өнерге жаны құмар оқушылардың шығармашылығын шыңдауға арналған Өнер бірлестігі апталығының салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты – оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
|
27
февраля
2026
|
- Просмотров: 21
- 28 АҚПАН – 02 НАУРЫЗ АРАЛЫҒЫНДА
БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА
«ЖАСӨСПІРІМ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛЕДІ.

|
24
февраля
2026
|
- Просмотров: 18
“Адалазамат”біртұтас тәрбие аясында “Қамқор”жобасы бойынша 7 сынып оқушылары сауапты істің бастамашысы болды. “Шын жүректен” акциясы аясында ата-аналар, сынып жетекшісі және оқушылар бірлесіп, азык-түлік себетін дайындап, үш отбасыға табысталды.
Бұл - кішкентай жүректердің үлкен мейірімі! Осындай игі істер арқылы балаларымыз қайырымдылыққа,
жанашырлыққа және адамгершілікке тәрбиеленуде. Оқушыларды қолдап жүрген ата-аналарына рақмет.
Жақсылық жасаудан шаршамайык!
Сынып жетекшілері: Успанова Ж.Ж., Абдуева А.А.
|
26
февраля
2026
|
- Просмотров: 23
Бүгін мектебімізде дефектолог маманының ұйымдастыруымен 10-11жас аралығында оқушыларға арналған танымдық сабақ өтті.Ойын түрінде өткен шарада балалар тек білімдерін сынап қана қоймай, логикалық ойлау мен зейінді шоғырландыру жаттығуларын орындады. Әр оқушы өз ептілігі мен тапқырлығын көрсетіп,”Білгір”атануға тырысты.Мұндай сабақтар баланың өзіне деген сенімділігін арттырып,оқуға деген ынтасын оятады.Өткізген :А.С.Мукашева
|
24
февраля
2026
|
- Просмотров: 20
Облыстық “Ұрпақ үні” жобасы аясында ұйымдастырылып жатқан “Ұрпақ үні Abai Generation” байқауында Абай Құнанбайұлының 33-қара сөзі бойынша жасанды интеллект пен креативті бағытта өнер көрсетіп жатқан қатысушымыз —
🎓 Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының дарынды оқушысы Құрманғазы Мәди 7 “А” сынып оқушысы.
Мәди — мектебіміздің күйші, өнерпаз шәкірті. Қазақ халқының музыкалық өнерін, әсіресе домбыра өнерін жастайынан бойына дарытып, күй тартуды жетік меңгерген, талантымен көзге түсіп жүрген дарынды бала.






