|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
3
декабря
2025
|
- Просмотров: 111
- Просмотров: 151
Математика, информатика және физика апталығы аясында 7–10 сынып оқушылары арасында «Физиканың таңғажайып тәжірибелері» байқауы өтті.
Оқушылар өз білімі мен шығармашылығын танытып, қызықты тәжірибелер көрсетті.
Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс айтамыз! 🔬✨
|
2
декабря
2025
|
- Просмотров: 140
“Ұлттық STYLE” жобасы
Бүгін оқушыларымыздың шығармашылығын шыңдап, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ерекше жұмыс ұйымдастырылды.
🌟 Балалар ұлттық нақыштағы этностильде шырша ойыншықтарын жасап, өз қолөнер шеберліктерін танытты. Ою-өрнек, ұлттық түстер, дәстүрлі элементтер – барлығы да жаңа жылдық көңіл-күймен үйлесе отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
🧵 Бұл іс-шара оқушылардың эстетикалық талғамын дамытуға, ұлттық мәдениетті құрметтеуге және шығармашылық қабілеттерін арттыруға үлкен үлес қосты.
- Просмотров: 147
Миф апталығы апталығы аясында ұйымдастырылған «Көңілді үзіліс» оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың бір-бірімен еркін қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік берді.
Балалар ерекше қызығушылықпен қатысып, көтеріңкі көңіл күйде болды. 😊✨
- Просмотров: 118
Бүгін мектеп парламентінің ұйымдастыруымен көңілді үзіліс өтті.
Оқушылар белсенді қатысып, жақсы көңіл күй сыйлаған тамаша шара болды!
- Просмотров: 124
Мектеп парламенті – уақытты тиімді пайдаланып, жаңа технологияларды меңгеруде!
Бүгін біздің мектеп парламентінің оқушылары бос уақыттарын пайдалы өткізіп, жасанды интеллектпен жұмыс жасаудың негіздерін үйренді.
Оқушылар:
🎨 Креативті идеяларды цифрлық форматта жүзеге асыру;
💡 Қазіргі заман талабына сай технологияларды меңгеру сияқты бағыттарда тәжірибе жинақтады.
Бұл — оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өз мүмкіндіктерін жаңа деңгейге көтеруге жасалған үлкен қадам.
✨ Мектеп парламенті әрдайым дамуға, жаңашылдыққа дайын!
|
2
декабря
2025
|
- Просмотров: 106
Ертегі әлеміне саяхат басталды!
Қиялға толы оқиғалар, сиқырлы кейіпкерлер сені күтеді.
Кел, бірге кітап оқып, ғажайып әлемге аттанайық!
|
21
ноября
2025
|
- Просмотров: 111
Мектебіздің ұл балаларымен жеке бас гигиенасы тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Медбике Саликова Алма Рамазановна жасөспірім кезеңінде ұл балаларға тән гигиеналық талаптар туралы кеңестер беріп, тазалықтың маңызын түсіндірді.
АӘжТД пәнінің мұғалімі Кошанов Нариман Жанатович ер бала тәрбиесі, салауатты өмір салты мен тәртіп сақтау туралы бағыт-бағдар беріп, ашық пікір алмасу ұйымдастырды.

- Просмотров: 105
Математика, информатика, физика пәндері апталығы аясында 10А сыныбында «Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Пән мұғалімі: Маханова Г.М.
|
20
ноября
2025
|
- Просмотров: 97
Құрметті Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының ұстаздары!
Сіздерге хабарлаймыз, аудандағы білім беру ұйымдарында ата-аналардан қаржы жинауға қатаң тыйым салынған. Бұл талап Павлодар облысы Білім беру басқармасының ресми бұйрығында бекітілген: 2022 жылғы 14 қарашадағы № 2-02/542 «Облыстың білім беру ұйымдарында ақша жинауға тыйым салу туралы» бұйрығы.
Құрметпен,
мектеп-интернат басшысы:С.С.Досмагамбетова






