|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
Тұлпар” жазғы сауықтыру лагерінің 1-ші кезеңінің 8-ші күні.
⛹🏻🤸🏻♀️таңғы жаттығу өткізілді.
⚜️⚜️ “Ұлттық ою” қолөнер сайысы ұйымдастырылды
📍”Торайғыр” жағажайына саяхат ұйымдастырылып, балалар қозғалмалы ойындар, суда шомылды
👭👬 бүгінгі күніміз ұлттық нақышты дәріптеуге байланысты өтті😊🌈☀️✨
«Дәуірдің дархан дариясы» атты танымдық сабақ ұйымдастырылды
«Баянауыл өңірінің мақтанышына айналған дара тұлға Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналды.
Бірыңғай тақырыптық күн аясында балалар қазақ халқының рухани мұрасын тереңірек танып, ел тарихында өшпес із қалдырған көрнекті қайраткерлер туралы мол мағлұмат алды. Шараның басында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмір жолы, ағартушылық қызметі мен әдеби мұрасы туралы бейнеролик көрсетіліп, мазмұнды түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты ұлт тарихындағы ұлы тұлғалардың өнегелі өмірімен таныстыру, олардың шығармашылық және рухани мұрасын дәріптеу, сондай-ақ туған жерге, елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.







