|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
Мектебіміздің 1 «А» сынып оқушылары арасында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған “Бір шаңырақ астында” атты тәрбие сағаты өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушыларға достық, татулық, бірлік ұғымдарының маңызын түсіндіру, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

|
29
апреля
2026
|
«EKOSTART» АКЦИЯСЫ
МҰРАТ БОТАЖАН БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ
Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында «Экоbооm» жобасы аясында өткен «Ekostart» акциясы өз мәресіне жетті. Экологиялық бастаманың қорытындысы бойынша мектеп оқушысы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, бас жүлдеге ие болды.
Қазіргі таңда қоршаған ортаны қорғау – жаһандық мәселе. Ал осы бағытта нақты іспен көзге түсіп, қатарластарына үлгі болып жүрген жастар Баянауыл өлкесінде де аз емес. Соның бірі – Ш. Айманов атындағы мектеп-интернаттың 8 «а» сынып оқушысы Ботажан Мұрат. Акция нәтижесі бойынша Ботажан Мұрат 600 килограмм қатты тұрмыстық қалдықты жинап, қайта өңдеуге тапсырған. Бұл көрсеткіштің басым бөлігін пайдаланылған қағаз өнімдері құрайды. Оқушының бұл еңбегі жай ғана жарыс емес, табиғатқа деген шынайы жанашырлықтың көрінісі.
– Мен қағаз, журналдар мен оқылған газеттерді оқу жылы бойы жинадым. Әрбір жиналған қағаз – табиғатты қорғауға қосқан үлесім деп қабылдадым. Осындай нәтижеге жеткеніме қуаныштымын, - дейді жас эколог.
Табандылық танытқан жеңімпазға ұйымдастырушылар тарапынан лайықты құрмет көрсетіліп, бас жүлдеге велосипед табыс етілді. Салтанатты шара барысында мектеп ұжымы бұл бастаманың оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы маңызы зор екенін атап өтті.








