|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
22
октября
2025
|
Баянауыл ауданының полицейлерімен бірлескен Шәкен Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының 4а-сынып оқушыларымен бейнелеу өнер пәнінің мұғалімі А.Т.Исаева Республика күніне орай сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушыларды үш топқа бөліп, «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында сурет салу сайысын ұйымдастырды.
Оқушылар өз туындыларында еліміздің тәуелсіздігін, табиғатының сұлулығын және бейбіт өмірдің маңыздылығын бейнеледі.
Полицейлер жас ұрпаққа отансүйгіштік, заңды құрметтеу және ел игілігі үшін еңбек етудің маңыздылығын түсіндірді.
Мұндай кездесу сабақ оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, елге деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.
|
21
октября
2025
|
«Тарих. Тұлға. Тағылым»
⠀
Мектебімізде даңқты қолбасшы, жазушы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Тарих. Тұлға. Тағылым» атты танымдық дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында оқушылар Бауыржан Момышұлының өмір жолы, ерлігі мен әдеби мұрасымен танысып, тарихи деректер мен тағылымды ойлармен бөлісті.







