|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталық жоспарына сәйкес 7 «А» сыныбында «Оқшау сөздер» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар оқшау сөздердің түрлерін меңгеріп, олардың сөйлемдегі қызметін анықтауды үйренді. Түрлі тапсырмалар арқылы оқушылар өз білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың тілдік білімін тереңдету, сауатты сөйлеу мен дұрыс жазу дағдыларын дамыту. Ашық сабақ тартымды, мазмұнды әрі оқушылардың қызығушылығын арттыратындай деңгейде өтті.
Осындай сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін нығайтуға үлкен мүмкіндік береді.
|
31
марта
2026
|
Қауіпсіздік шаралары.
2026 жылдың 30 наурыз күні жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, қадағалаусыз қалудың, буллингтің, кибербуллингтің, бопсалаудың және зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ауыл көшелері бақылауға алынды.
Түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрген жасөспірімдер анықталған жоқ, құқықбұзушылық тіркелген жоқ. Жалпы жағдай бақылауда, қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілді. Түнгі кезекшілік орындалды.








