|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
3
июня
2026
|
Қарлығаш» бейінді лагерінің 3-күні қызықты өтті! 🌿
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты жанынан ұйымдастырылған «Қарлығаш» бейінді лагерінің 3-күні көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерлерге толы болды.
Күн барысында оқушылар түрлі танымдық және шығармашылық жұмыстарға қатысып, қызықты ойындар ойнады, өз қабілеттерін шыңдап, жаңа достарымен уақыттарын көңілді өткізді. Әрбір іс-шара балалардың белсенділігін арттырып, жазғы демалыстың қызықты өтуіне ықпал етті.
✨ Лагерьдің әр күні – жаңа білім, жаңа достық және ұмытылмас естеліктер!
|
3
июня
2026
|
Тақырып: «Кітаптар әлеміне саяхат»
Бүгін “Қарлығаш” бейінді лагерьде «Кітаптар әлеміне саяхат» тақырыбы бойынша қызықты жұмыстар атқардық. Алдымен гайдбукпен танысып, күнделігімізді толтырдық. Кейін кітап квест ойынына қатысып, ойын картасын жасадық. Әртүрлі тапсырмаларды орындап, кітап кейіпкерлері мен шығармалары туралы білімімізді толықтырдық.
Сонымен қатар, Бердібек Соқпақбаевтың Менің атым Қожа шығармасын талдадық. Шығарманың басты кейіпкері Қожаның мінезі мен іс-әрекеттері туралы пікір алмастық. 1 және 2-тапсырмаларды орындадық.







