|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
5
октября
2026
|
5 «А» сыныбында «Таза сынып – өзіңнен баста!» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға тазалық пен тәртіптің маңызын түсіндіру, өз сыныбына деген жауапкершілігін арттыру және қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар тазалық туралы ойларын ортаға салып, сыныпты таза ұстаудың қарапайым ережелерімен бөлісті. Сонымен қатар әр оқушы тазалықты өзінен бастау керектігін түсінді.
Таза сынып – таза орта!
Тазалық – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!
5 «А» сыныбы
Сынып жетекшісі: А.Д. Шақырман
|
5
октября
2026
|
Мектебімізде Ұстаздар күніне орай дәстүрлі «Дублер күні» ұйымдастырылды.
Бұл күні 11 сынып оқушылары бір сәтке ұстаз рөлін атқарып, сабақ беріп, білім мен тәрбиенің жауапкершілігін сезінді.
«Дублер күні» барысында оқушылар сабақ өткізуге дайындалып, өздерінің көшбасшылық, шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті.
Аталған іс-шара оқушыларға ұстаз еңбегінің қаншалықты маңызды әрі жауапты екенін түсінуге, мұғалім мамандығына деген құрметін арттыруға мүмкіндік берді.







