Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
15
апреля
2024
|
13
апреля
2024
|
Баянауыл ауылындағы орналасқан “Жас дәурен” облыстық оқыту-сауықтыру орталығына Қостанай облысынан келген демалушылармен мектебіміздің ұйымдастырумен спорттық шара өтті. Шара соңында тәтті дастархан жайылып, балалар ауыз тиді.
15
апреля
2024
|
Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетовтың және Халық Қаһарманы Р.Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған облыстық “Сардар-2024” АӘТД оқытушылары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен өткен жарыста мектебіміздің жас маманы Тұрсынбай Ануар Серікұлы 1 орын иеленді. Құттықтаймыз!
12
апреля
2024
|
12 сәуір Ғарышкерлер күніне орай «Ғарышкер ағаларымыз» атты сыныптан тыс іс-шара өтті. Мақсаты: Оқушыларды еліміздің ғарышкерлерімен таныстырып, ойын арқылы оқушылардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін ояту. Шара барысында бейнеролик көріп, сұрақтарға жауап беріп, ойын пазл құрастыру сияқты қызықты сәттер болды.
12 Сәуір Ғарышкерлер күніне 1 сынып тәрбиеленушілерімен тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, курметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу. Өткізген сынып тәрбиешісі А.О.Садыкова
13
апреля
2024
|
“Оқуға құштар мектеп “ жобасы аясында өтіп жатқан “Менің сүйікті кітабым “ челленджі Әбіш Кекілбаевтың “ Шыңырау “ туындысынан 11 сынып оқушылары эссе жазды.
12
апреля
2024
|
Қазақ КСР Ғылым Академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Кеңес Одағы мен Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл. Осы күнге орай мектеп кітапханасында викториналық сайыс ұйымдастырылып, өмірбаяны мен еңбек жолы таныстырылды.