|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
14
января
2025
|
2025 жылғы 11 қаңтар күні Таштаев Нұрлан Нұртайұлының 60 жылдық мерейтойына арналған грек-рим күресінен 2010-2012,2013-2015 ж.т жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнирінде мектебіміздің палуандары келесідей нәтижеге қол жеткізді. Жанболат Әділ,Қамаш Рамазан,Ерсін Расул,Сартай Мансур өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанса, Жарқынбек Темірлан,Сартай Алмас,Ерұлан Ерболат,Мүбәрак Нұрболат,Қаби Мұхамет ІІ орын. Романов Рүстем,Имангазин Асылан,Оралбек Бауыржан,ІІІ орынға ие болды. Жаттықтырушылары: Дүйсенбеков К.Ж.

ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесте І тоқсанда қаулыда қабылданған мәселелерге тоқталып, атқарылған іс- шаралар, пәндер бойынша өткізілген лессон стади есебі тыңдалды. 2024-2025 оқу жылының I жарты жылдық қорытындысы бойынша мектеп педагогтары марапатталып, кәсіподақ атынан сыйлықтарға ие болды.
|
8
января
2025
|
“Балалар кітапханасы” бағдарламасы аясында және “Оқуға құштар мектеп” жобасын іске асыру мақсатында қысқы демалыс кезінде “Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз” атты іс-шарасына қатысушылар 7ә сынып оқушылары.
|
13
января
2025
|

|
31
декабря
2024
|
Ш.Айманов мектеп-интернатында кәсіподақ ұжымы атынан мерекелік сыйақы сыйлық берілді және фуршет ұйымдастырылды. Жаңа жыл құтты болсын!
|
13
января
2025
|
Кітаппен бірге кемелденейік. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында BOOK SLAM «Өзіміз үшін оқиық» жобасы басталды. Жобаға 7-8 сынып оқушылары қатысады. Әр сынып өз бетінше оқитын кітап таңдайды және оның мазмұнын жарнамалайды. Таңдаған кітапты қаңтар айының 5-нен бастап ақпан айының 5-не дейін оқиды. Мектепішілік байқау 15-ші ақпан сағат 15.00-де өтеді. Осы екі сынып ішінен мықты деген 5 оқырманды таңдайды. 5 оқырман бір команда болып өз мектебінің намысын 2025 жылдың 21 ақпан күні аудандық кезеңде қорғайды. Мектептер ішінен облыстық кезеңге ең мықты 5 слэмерлер іріктеледі. Өзіміз үшін оқып, жеңімпаз болайық. Кітаппен дос бол, кітап оқуғы асық!

|
31
декабря
2024
|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне төмендегідей бос орындарға қабылдау бойынша конкурс өткізілетінін хабарлаймыз!
Логопед(уақытша) – 1 бірлік(186000 тг)
Орналасқан жері - Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, М.Шорманов к-сі, 2 үй.
Электрондық пошталық мекен-жайы: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Телефон нөмірі–8(718)40 92518
Мерзімі – бос орын.
Кандидатқа тойылатын біліктілік талаптары:жоғары білімді, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс- парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;






