|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
31
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 106
Selfie Day — жарқын сәттер
Ағылшын және орыс тілдері апталығы аясында ұйымдастырылған Selfie Day мектепішілік конкурсы өз мәресіне жетті.
Конкурсқа мектеп оқушылары белсенді қатысып, өздерінің креативті, ерекше және позитивті сәттерімен бөлісті.
Әрбір селфи — мектеп өмірінің бір шуақты сәті, жақсы көңіл күй мен бірліктің көрінісі 💫
Осындай шаралар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, мектеп өміріне деген сүйіспеншілігін арттырады.
Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз
|
31
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 148
Бүгін мектеп оқушылары «Закладчики. Мать…» кинофильмін тамашалады.
Аталған фильм жасөспірімдер арасындағы қауіпті әрекеттердің, соның ішінде есірткі қылмысының салдары мен оның адам тағдырына, отбасыға тигізер ауыр зардабын көрсетеді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, зиянды әдеттерден сақтандыру, өмірлік дұрыс таңдау жасауға бағыт беру және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
|
31
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 112
4а сынып оқушыларымен орыс тілі пән мұғалімі Г.Б.Хасенова мен ағылшын тілі пән мұғалімі К.А. Жетписбаева “Первый цветок. Adverbs”интеграциялық сабақ өткізді. Сабақта әртүрлі ЖИ қолдануымен әдіс-тәсілдер , Wordwall платформасын, сұрақ-жауап , синквейн қолданды, оқушылар бағаланды.
|
30
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 110
Movie Time
Бүгін ағылшын және орыс тілдері апталығы аясында 5–8 сынып оқушыларымен «Movie Time» атты сабақтан тыс іс-шара өткізілді.
Оқушылар ағылшын тіліндегі мультфильмнен үзінді тамашалап, жағымды атмосферада уақыт өткізді. 🍿🥤
Іс-шара соңында мультфильм мазмұны талқыланып, балалар өз ойларын еркін жеткізді.
✨ Осындай форматтағы іс-шаралар оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып, коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
🎯 Іс-шараның мақсаттары:
• ағылшын тілін тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту;
• оқушылардың сөздік қорын байыту;
• шет тіліне деген қызығушылықты арттыру;
• еркін пікір айтуға, өз ойын жеткізуге үйрету;
• оқушылар арасындағы жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру.
👩🏫 Өткізген мұғалімдер:
М. А. Саябек
А. Т. Бекенова
К. А. Жетписбаева
А. А. Абдуева
|
31
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 109
29.01.2026ж. мектебімізде “микробтармен күрес” жүрді! 🧼🦠
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А. Т. Бекенова 6 “а” сынып оқушыларымен бірге нағыз ғылыми зертхана ұйымдастырды. Бұл жай ғана сабақ емес, биология мен ағылшын тілі тоғысқан ерекше процесс болды.
Сабақтың ең қызықты сәттері:
* Science Lab: Оқушылар қарапайым сабынның микробтарға қарсы қандай күші бар екенін тәжірибемен дәлелдеді.
* Match & Read: Жаңа сөздер мен мәтіндерді интерактивті тәсілмен меңгерді.
* Project Work: Топтарға бөлініп, ас үй гигиенасына арналған креативті постерлер дайындады.
Оқушылар өз жұмыстарын нақты дескрипторлар бойынша бағалап, сыни ойлау қабілеттерін көрсетті. Сабақ өте тартысты әрі танымды өтті!
Мектебіміздегі осындай заманауи сабақтар балалардың жан-жақты дамуына жол ашады.
|
30
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 100
Тілдер апталығы аясында 3-4 сыныптар арасында “New Star” музыкалық ән кеші өткізілді. Оқушылар ағылшын тілде көрініс жасап, ән айтты.
|
31
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 144
30.01.26 күні 7 ә сыныпта “Интересные хобби” тақырыпқа интеграциялық ашық сабақ өтті. Оқушылар қызықты хобби туралы мәтінді оқып, екі тілде тапсырмаларды орындады. Сабақтың барысында оқушыларды бағалау үшін ЖИ “ауыл” шаблоны, бекіту мақсатында baamboozle платформасы қолданылды.
Өткізген: орыс тілі пәнінен мұғалімі Сартаева А.З, шет тілі пәнінен мұғалімі Абдуева А.А.
|
30
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 101
Аудандық “Заң мен тәртіп” қағидасы аясында жастар арасында өткен “Заң мен тәртіп: Жастар таңдауы” дебат сайысында 10 сынып оқушылары Қаппас Камила, Айбалта Айнұр 3 орын иелергері атынды. Құттықтаймыз!
Жетекшісі: А.Д.Шақырман







