|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
- Қаралды: 166
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының "Заң және Тәртіп" құндылығының ІІІ апта дәйексөзі "Әділ заң - болашақ кепілі"

|
15
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 171
Психологиялық қолдау - оқу жетістігінің кепілі!
Ш. Айманов атындағы мектеп-интернатының психологиялық қызметі оқушылардың оқуға деген қызығушылығын ояту және ішкі мотивациясын арттыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізуде.
Біздің мақсатымыз – Әрбір шәкірттің бойындағы білімге деген отты жағу!
Біз не істедік?
Мотивациялық тренингтер: Жоғары сынып оқушылармен «Өз болашағың – өз қолыңда», «Жетістікке жету психологиясы», «Сәтті оқуға он қадам» тақырыптарында топтық коучингтер, тренингтер өткізілді. Бұл сабақтар балалардың мақсат қоя білу дағдыларын дамытты. Орта буын оқушыларымен «Топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптатыруға арналған ойындар», «Коммуникативтік қабілеттерін арттыру жаттығулары», бастауыш сынып оқушыларымен «Жалқаулықты жеңуге арналған жаттығулар», «Зейінді шоғырландыруға», «Сыни ойлауды дамытуға», «Есте сақтау қабілеттерін дамытуға», «Креативті ойлауға және логиканы дамытуға», «Көшбасшылық қабілеттерін арттыруға» арналған жаттығулар мен ойындар» өткізілді.
Интерактивті ойындар: Сабаққа деген «талбетті» ашу үшін нейрожаттығулар мен зейінді шоғырландыру ойындары ұйымдастырылды.
Жеке кеңестер: Әрбір оқушының бойындағы қорқыныш пен кедергілерді анықтап, олардың өз күшіне деген сенімін нығайту үшін жеке және топтық кеңестер беріліп, қолдау көрсетілді, оқу барысында кездесетін қиындықтарды шешу жолдары қарастырылды.
Ата-аналармен жұмыс: Баланың оқуға деген құлшынысын арттырудағы отбасының рөлі туралы «Балаңызды қалай ынталандыру керек?» атты пайдалы кеңестер берілді.
Нәтижесінде: Оқушылардың оқу мотивациясын арттыру-үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілетін жұмыс. Мектеп психологтарының тарапынан жүргізілген диагностикалық, түзету-дамыту және ағартушылық жұмыстар оқу үдерісінде жағымды әсерін тигізуде. Оқушыларымыз уақытты тиімді жоспарлауды (тайм-менеджмент), қиындықтардан қорықпауды және әрбір жаңа білімнің болашақ мамандыққа баспалдақ екенін түсінуде. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
|
16
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 184
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне төмендегідей бос орындарға қабылдау бойынша конкурс өткізілетінін хабарлаймыз!
математика мұғалімі(уақытша) – 1 бірлік(186000 тг)
Орналасқан жері - Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, М.Шорманов к-сі, 2 үй.
Электрондық пошталық мекен-жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Телефон нөмірі–8(718)40 92518
Мерзімі – бос орын.
Кандидатқа тойылатын біліктілік талаптары:жоғары білімді, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс- парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
|
15
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 155
“”Заң және тәртіп” идеологиясы аясында “Өз құқығынды біл” тақырыбындағы буллинг, құқықбұзушылықтың алдын-алу үшін анимациялық ролик ұсынылады. 📌Құқықтық ақпарттық күн.
|
16
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 212
“Заң және тәртіп” айлығы аясында мектебіміздің оқушылары “Заң сеннен басталады” тақырыбындағы челленджге белсене қатысты.
Челлендждің басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіндіру.
Іс-шара барысында оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызын түсіндірді.
Мұндай тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың саналы, жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
|
14
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 172
Тақырыбы: Білім сапасын арттыру – басты мақсатымыз! Мектебімізде I және II тоқсан қорытындылары бойынша есеп беру жиыны өтті. Оқу жылының алғашқы жартыжылдығындағы жетістіктеріміз бен алдағы жоспарларымызбен бөлісеміз.
Білім сапасының динамикасы: Мектеп бойынша білім сапасының оң өсімі байқалады:
I тоқсанда – 43%
II тоқсанда – 58% Жалпы оқушылар саны – 475. Оның ішінде бастауыш сыныптарда 167 оқушы, орта буында 219 және жоғары сыны🎯 III тоқсанға қойылған меже: бұл көрсеткішті тоқтап қалмай, III тоқсанда білім сапасын 70%-ға жеткізуді жосп🛠 Мақсатқа жету жолдары: Сабақ сапасын жақсарту үшін келесі кешенді шаралар енгізілуде: ✅ Цифрландыру: #Сабақ барысында Жасанды Интеллект (ЖИ) мүмкіндіктерін пайдалану. ✅ Заманауи әдістер: Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін Quiz, Kahoot ойын технологияларын, «Ұстаз-оқушы» (жұптық жұмыс) және Lesson Study әдістерін қолдану. ✅ Қолдау мен мотивация: Оқушының қатесін емес, талпынысын бағалап, әрбір кішкентай жетістігін мадақтау.
🤝 Ата-аналармен байланыс: Білім сапасын көтеру текмектептің ғана емес, ата-ананың да қолдауымен жүзеге асады. Осы мақсатта III тоқсанда ата-аналарға арналған «Ашық есік» күндері ұйымдастырылмақ.
Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі! ✨
- Қаралды: 202
Сынып жетекшілерінің тәрбие және әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыруы
Қазіргі білім беру жүйесінде сынып жетекшісінің рөлі ерекше. Ол оқушының тұлғалық дамуына, әлеуметтік бейімделуіне және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға тікелей ықпал етеді. Осы бағыттағы жұмыстың сапалы ұйымдастырылуы – мектептегі тәрбиенің басты көрсеткіші.
📌 Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері:
оқушылардың тұлғалық дамуына жағдай жасау;
сыныпта қолайлы психологиялық орта қалыптастыру;
ата-анамен тығыз байланыс орнату;
оқушылардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету.
🇰🇿 «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы
Бағдарламаның басты мақсаты – патриоттық рухта тәрбиеленген, білімді, жауапты әрі жасампаз ұрпақ қалыптастыру. Тәрбие жұмысы ай сайын нақты құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады.
🟢 Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы
🟢 Қазан – тәуелсіздік және отаншылдық айы
🟢 Қараша – әділдік және жауапкершілік айы
🟢 Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы
✨ Жүйелі, мақсатты және құндылықтарға негізделген тәрбие жұмысы – саналы, жауапты, отаншыл азамат тәрбиелеудің кепілі.
|
14
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 144
“Балалар кітапханасы” республикалық жобасы аясында
“Барлығын таста – кітап оқып баста!” атты үлкен үзілісте оқу сағаты өтті.
Оқушылар бос уақыттарын тиімді пайдаланып, сүйікті кітаптарымен қауышты.
Кітап оқу – білім мен тәрбие бастауы!
|
15
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 172
2-3сынып интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытын қызықты әрі тиімді өткізу мақсатында ойлау моторикасын дамытуға арналған түрлі ойындар ойналды.
Тәрбиеші: А.О.Садыкова
|
14
Қаңтар
2026
|
- Қаралды: 126
Бейімбет Майлин – 130 жыл
Кітапхана жоспарына сәйкес Бейімбет Майлиннің 130 жылдық мерейтойына арналған тағылымды іс-шара өтті.
Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, шығармаларынан әсерлі үзінділер оқылды.
Бұл кеш жас ұрпақты әдебиетті сүюге, ұлттық рухты құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды. ✨






