|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
17
Наурыз
2026
|
Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз-Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай халқымыздың
«Қазақтың салт-дәстүрлері: Қырқынан шығару және Тұсау кесер» тақырыбында тәрбие сағаты өтті 🇰🇿
Оқушылар халқымыздың көнеден келе жатқан асыл мұраларымен танысып, олардың мән-мағынасын түсінді. Қырқынан шығару – сәбидің өмірге бейімделуінің алғашқы кезеңін білдірсе, тұсау кесер – баланың тәй-тәй басқан қадамына ақ жол тілеу дәстүрі.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – ұрпақ тәрбиесінің негізі ✨
|
13
Наурыз
2026
|
Бүгін мектебіміз үшін маңызды әрі тағылымы мол тарихи сәттердің бірі орын алды. «Мектепке тағзым» игі дәстүрі аясында білім ордамызда ұзақ жылдар бойы шәкірт тәрбиелеп, саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнаған ардагер ұстаз Марқама Тағайқызы Тағаеваның есіміне арналған «Математика» кабинетінің ашылу салтанаты өтті.
Бұл игі бастама – ұрпақтарының ардақты анаға, аяулы ұстазға деген құрметі мен туған мектепке деген шынайы тағзымының жарқын көрінісі. Ұстаз есімін мәңгі есте қалдыру, оның еңбегін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында ашылған жаңа кабинет – білім мен тәрбиенің ордасына айналары сөзсіз.
Сонымен қатар, кабинет заманауи құралдармен толықтырылып, интербелсенді панель, ноутбук және принтер сыйға тартылды. Бұл – білім алушылардың сапалы білім алуына, заманауи технологияларды пайдалана отырып сабақ өткізуге жасалған үлкен қолдау.
Салтанатты шара барысында Тағаева Марқама Тағайқызы атындағы «Математика» кабинетінің тұсаукесер лентасын қию құрметі мектебіміздің ардагер ұстазы Рымтай Капарқызы Алдамбековаға және мектебіміздің үздік аттестатқа үміткер оқушысы Мұхтарова Тоғжанға берілді. Бұл сәт шараға қатысушылар үшін ерекше толқынысқа толы, мәні терең сәттердің бірі болды.
Іс-шараның қорытынды сөзінде Марқама Тағайқызының ұлы Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы мен келіні Мукушева Айтжамал Тұрсынқызы сөз алып, анасының ұстаздық жолы, адамгершілік қасиеттері мен шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі туралы жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Осындай игі істер арқылы ұстазға деген құрмет пен мектепке тағзым дәстүрі жалғасын тауып, ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі көрініс табуда. Жаңа ашылған кабинет талай шәкірттің білім жолындағы үлкен жетістіктеріне бастау болсын!







