|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
19
Наурыз
2026
|
Мектепалды “Ә” сыныбында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын арналған тәрбие сағаты өтті.
Бұл мереке – жаңару мен жақсылықтың, бірлік пен татулықтың белгісі. Балалар ұлттық салт-дәстүрлермен танысып, қазақ халқының бай мәдениеті туралы мағлұмат алды.
Өткізген мектепалды сынып тәрбиешісі Б.З.Ибадуллина.
|
19
Наурыз
2026
|
«Жанұя жылуы» жобасы аясында мектебімізде 1, 4-сынып ата-аналарымен «Отбасы ресурстары» атты ерекше кездесу өтті.
Бала тәрбиесі — тек мектептің емес, ең алдымен отбасының ішкі қуатына байланысты процесс. Жиналыс форматы емес, тренинг форматы:
🔹 Отбасының ішкі қуатын қалай арттыру керек?
🔹Отбасылық махаббат пен қолдаудың маңызын талқыладық;
🔹 Психологиялық тұрақтылықты қайдан аламыз?
Ата-аналар «Сиқырлы қоржын» ойыны арқылы өз отбасыларының символын таңдап, өзара тәжірибе бөлісті. Жылы атмосфера, ашық диалог және жаңа идеялар!







