|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
15
декабря
2025
|
- Просмотров: 61
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 1 «Ә» және 2 «Ә» сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік – бастауы бар бақыт!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастырып, өткізгендер: Зарықхан Г. Фаменова Ш.Н.

|
12
декабря
2025
|
- Просмотров: 48
Мектеп Парламенті: “Есірткі — ғасыр дерті” ақпараттық шарасы
Бүгін мектеп парламенті оқушылар арасында “Есірткі — ғасыр дерті” тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Шараның мақсаты:
Оқушыларға есірткінің адам өміріне, денсаулығына және болашағына тигізетін зиянды әсерлері туралы жан-жақты ақпарат беру;
Жастар арасында дұрыс өмір салтын насихаттау;
Қауіпті әрекеттерден аулақ болып, саналы таңдау жасауға бағыттау;
Есірткіге қарсы қоғамдық жауапкершілік пен көзқарас қалыптастыру.
Шара жасөспірімдерге өз денсаулығы мен болашағына жауапты қарауға үндеді.
|
15
декабря
2025
|
- Просмотров: 52
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай мектеп парламенті «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Динара Кәрібаевнамен сұхбат жүргізді.
Сұхбат барысында еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихы, оның маңызы мен бүгінгі ұрпақтың жауапкершілігі туралы маңызды ойлар айтылды.
|
12
декабря
2025
|
- Просмотров: 61
Мектеп-интернатының 4-5 сынып тәрбиеленушілерімен «Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл» атты тәрбие сағаты өтті.
Тәрбиешілері: Ж.С.Сейтова, Б.Б.Айнагулова.
|
11
декабря
2025
|
- Просмотров: 56
8,9,11 сынып тәрбиеленушілерімен “Тәуелсіздік тұғыры” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, тәрбиеленушілерге желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға-апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Өткізген: Г.Б. Абилова, Ж.Т.Садакова, Ш.Н.Фаменова
|
15
декабря
2025
|
- Просмотров: 50
2025 жылғы желтоқсанның 12 күні «Ауыл» партиясы Павлодар облысы бойынша өңірлік филиалының демеушілігімен «Заң және құқықтық тәртіп» айлығы аясында үстел теннисі спорт түрінен 2011-2013,2014-2015,2016,2017 жылдары туған оқушылар арасында аудандық ашық турнирі өтті. Аталмыш турнирге аудан мектептері және Павлодар қаласынан «Павлодар олимп» клубы қатысты. Жалпы тоқсаннан астам қатысушы болды. Спортшылар қызықты да, тартысты ойын өрнегін көрсетіп өз жас ерекшеліктері бойынша жеңіс тұғырынан көрінді. Мектебіміздің оқушылары келесідей нәтижеге қол жеткізді.
Амангелді Алинур, Оразбек Надира ІІІ орын, Балтабек Саян, Ғабдысаттар Ерхан, Буркутбаева Аружан,Төлеген Алим ІІ орын. Жандарбеков Нурислам, Ерлан Нұрбек І орын иеленіп, жеңімпаз атанды. Турнирге демеуші болған «Ауыл» партиясы және «Нұрбол» сауда үйіне алғыс білдіреміз!!
|
11
декабря
2025
|
- Просмотров: 48
Бүгін 8 «Ә» сыныбында физика пәнінен Lesson Study әдісі бойынша зерттеу тобы сабаққа қатысты. Зерттеу жұмысының мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, күрделі ұғымдарды түсіндіруде тиімді оқыту тәсілдерін анықтау және оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау. Сабақ барысында зерттеу тобы бақылау парақтары арқылы оқушылардың әрекеттерін, ынтымақтастығын және тапсырмаларды орындау динамикасын қадағалады. Алынған деректер келесі отырыста талданып, мұғалімнің оқыту тәжірибесін жетілдіруге ұсыныстар ретінде қарастырылады.
|
12
декабря
2025
|
- Просмотров: 46
12.12.25 күні физика пәнінен 8 «Ә» сыныбында Lesson Study зерттеу тобы кезекті сабағына қатысты. Сабақ барысында зерттеуге алынған оқушылардың оқу үдерісі бақылауға алынып, мұғалімнің қолданған әдіс-тәсілдерінің тиімділігі талданды. Зерттеу тобы сабақ соңында бірлесе отырып кері байланыс беріп, алдағы сабақтарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірледі.
|
11
декабря
2025
|
- Просмотров: 42
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен білім саласында ауқымды реформалар жүзеге асырылуда, оның ішінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 заманауи мектепте 460 мың оқушы сапалы біліммен қамтылады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Адал білім – адал ұрпақ» республикалық форумында атап өтті
https://t.me/oqu_agartu/18461







