|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
- Просмотров: 264
2-сәуір Халықаралық балалар кітабы күні мерекесіне орай “Бұл қай ертегі?” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жыл сайын тойланатын кітап мерекесінің басты мақсаты – жас оқырмандарды рухани азық көзі кітап әлемімен таныстыру, бастауыш сынып оқушыларын ертегі оқуға шақыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы ерекше екенін түсіндіру.
Кітап көрмесі бастауыш сынып оқушыларына таныстырылып, көрмедегі ертегі кітаптарға кітапханашы шолу жасады. Іс-шара барысында ұсынылған ертегі кітаптар балалардың қызығушылығын арттырып, олар өздеріне ұнаған кітаптарды таңдап алды.
Сонымен қатар, оқушылар арасында қызықты ойындар ұйымдастырылды. Балалар сүйікті ертегілері бойынша сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.
Іс-шара қызықты әрі мазмұнды өтті.
- Просмотров: 32
8 «А» сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен жазушы Тахауи Ахтановтің «Күй аңызы» әңгімесі бойынша «Сюжеттік талдау» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар шығарманың мазмұнын талдап, оқиға желісін, композициялық құрылымын анықтады. Кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасап, өз ойларын еркін жеткізіп, шығарманың тәрбиелік мәнін түсінді. Әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың әдеби талдау дағдылары дамытылып, белсенділігі артты.
Сабақ қызықты әрі мазмұнды өтіп, оқушылар тақырыпты жақсы меңгергендерін көрсетті.
👩🏫 Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сакенова Г.Т.
- Просмотров: 239
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының жоспарына сәйкес «Сөз – ойдың айнасы» тақырыбында коучинг өткізілді.
Коучинг барысында мұғалімдер сөз мәдениеті, ойды жүйелі әрі әсерлі жеткізу, тілдің құдіретін түсіну туралы пікір алмасты. Әртүрлі тапсырмалар мен талқылаулар арқылы қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеялар алды.
Іс-шараның мақсаты – тіл мәдениетін дамыту, сөз құдіретін ұғындыру және педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру.
Осындай тағылымды кездесулер әріптестер арасында тәжірибе алмасуға және шығармашылық ізденіске жол ашады.
|
1
апреля
2026
|
- Просмотров: 26
1-сәуір күні мектебімізде Баянауыл ауданы ішкі саясат,мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен және аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерінің қатысуымен “Діни экстремизм идеяларының таралуына жол бермеу туралы”тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары және ұстаздары қатысты. Баянауыл ауданы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог Б.Герман “Діни экстремизмнің ұғымы мен белгілері”, “Жалған терроризм” тақырыбында ой қозғап, слайдтар мен бейнероликтар көрсетіп, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
- Просмотров: 239
Бүгін мектебімізде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, буллингтің алдын алу мақсатында жоғары сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында оқушыларға құқықтық тәртіпті сақтау, бір-біріне құрметпен қарау, буллингтің алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты қысқаметражды фильмдер көрсетіліп, оқушылар мен ата-аналар өз пікірлерімен бөлісті.
Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз, сыйластыққа негізделген орта қалыптастыру.
- Просмотров: 33
- 1 сәуір күні 6 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Ежелгі кітапханалар» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақты пән мұғалімдері А. Рымхан және Г.Е. Сайрамбек жүргізді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға ежелгі кітапханалардың тарихы мен маңызы туралы мәлімет беру, мәтінмен жұмыс жасау арқылы тілдік дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру болды. Сабақ барысында оқушылар Ежелгі Мысыр, Александрия кітапханасы сияқты тарихи орындар туралы ақпарат алып, олардың адамзат өркениетіндегі рөлін талқылады.
Сабақ түрлі әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылды: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, мәтінді талдау, шығармашылық тапсырмалар. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Әсіресе, топтық тапсырмалар кезінде оқушылар бірлесе жұмыс жасап, тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Ашық сабақ заманауи талаптарға сай өткізіліп, көрнекі құралдар мен интерактивті әдістер тиімді қолданылды. Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, оқушылар өз әсерлерімен бөлісті.
Жалпы, ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, қойылған мақсаттарға қол жеткізілді.
|
2
апреля
2026
|
- Просмотров: 33
Ш.Мұртаза "Бесеудің хаты'" сабағында оқушылар драмалық шығарманың мазмұнын сюжеттік- композициялық талдау жасауды Кейіпкердің іс-әрекетін , бейнесін де толық талдау жасады. Тарихшылар және әдебиетшілер тобы болып,шығарманың құндылығын анықтап оқырмандық баға берді. Сабақ өте жақсы деңгейде,тартымды қызықты өтті.
|
31
марта
2026
|
- Просмотров: 35
Құрметті ата-аналар!
Павлодар облысында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 18 маусымынан 31 тамызына дейін жүргізіледі.
Өтінішті 31 тамызға дейін egov.kz порталы арқылы электронды форматта беруге болады.
Білім беру ұйымында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгеріп, осы мектепте оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар 1-сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
Ал баласын басқа мектепке орналастыруды жоспарлаған ата-аналар құжаттарды жалпы белгіленген тәртіппен тапсырады.
1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап, ата-анасының өтініші негізінде, дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады. Биыл облыс мектептеріне 10 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы қабылданады деп жоспарлануда.
Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:
• ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
• №065-у және №052-2/у нысандарындағы медициналық анықтамалар.
- Просмотров: 41
2 сәуір – Халықаралық балалар кітап күніне орай мектебімізде мазмұнды іс-шара өтті.
Бұл шара мектеп кітапханашысы А. Ш. Жунусовамен бірлесе ұйымдастырылып, 6 “А” сынып оқушылары белсенді қатысты. Оқушылар кітаптың маңыздылығы туралы пікір алмасып, қызықты тапсырмалар орындап, өздерінің білімдерін көрсетті.
📖 Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани байлықтың кілті. Осындай іс-шаралар арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру – басты мақсатымыз.
Сынып жетекшісі: А. Т. Бекенова

- Просмотров: 46
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталық жоспарына сәйкес 7 «А» сыныбында «Оқшау сөздер» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар оқшау сөздердің түрлерін меңгеріп, олардың сөйлемдегі қызметін анықтауды үйренді. Түрлі тапсырмалар арқылы оқушылар өз білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың тілдік білімін тереңдету, сауатты сөйлеу мен дұрыс жазу дағдыларын дамыту. Ашық сабақ тартымды, мазмұнды әрі оқушылардың қызығушылығын арттыратындай деңгейде өтті.
Осындай сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімдерін нығайтуға үлкен мүмкіндік береді.






