| 
 Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты"  КММ
 
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области  | 	
	
  | 
		
|---|
| 
 
6 
октября 
2025 
 | 
🏅 Ұстаз еңбегі – елеулі!
Ұстаздар күні мерекесі аясында мектебіміздің ұстаздары Ш.Н. Фаменова, Ғ.Т.Сакенова, Т.Қ.Ахатов білім беру ісіне қосқан зор үлесі мен қажырлы еңбектері үшін Оқу-ағарту министрлігі және облыс әкімінің Құрмет грамотасы марапаттарына ие болды.
Бұл – ұстаздарымыздың маңдай тері мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт пен жаңа табыстар тілейміз!

| 
 
6 
октября 
2025 
 | 
Шәкірттерден– ұстаздарға алғыс!
Мектебіміздің түлектері ұстаздар күніне орай жүрекжарды құттықтау видеоларын жолдады.
Олар өмірлік бағыт-бағдар берген ұстаздарына шексіз ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін арнады.
💬 Ұстаздан алған тәлім – мәңгілік жолсерік.
Құрметті ұстаздар, сіздердің еңбектеріңіздің жемісі – әрбір шәкірттің жетістігі мен алғысы!







