|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
12
февраля
2026
|
2, 3, 4-сынып интернат тәрбиеленушілерімен «Шәкен әлемі» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар қазақ киносының жарық жұлдызы Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығымен танысты. Ұлы тұлғаның өнер жолы жайлы қызықты мәліметтер айтылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Іс-шара соңында балалар «Алдар Көсе» киносын тамашалап, ерекше әсер алды.
Тәрбиешілер: Садыкова А.
Айнагулова Б.
Амирова Н.
5, 6, 7-сынып интернат тәрбиеленушілерімен «Шәкен әлемі» атты тәрбие сағаты өтті.
Шара барысында оқушылар қазақ кино өнерінің жарық жұлдызы, КСРО халық әртісі Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың өмірі мен шығармашылығымен танысты. Ұлы тұлғаның өнер жолы, қазақ киносына қосқан үлесі туралы айтылып, бейнеүзінділер көрсетілді.
Өткізген: Мылтықбай Т. Сейтова Ж.







