|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
9
февраля
2026
|
Ш.Аймановтың туған күніне орай апталықтың ашылуы өтті
Қазақ кино өнерінің көрнекті өкілі, режиссер әрі актер Шәкен Аймановтың туған күніне арналған апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара барысында оқушыларға ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығына қатысты танымдық сұрақтар қойылып, белсенді қатысушылар өз білімдерін ортаға салды.
Апталықтың мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық кино өнерінің дамуына зор үлес қосқан тұлғаның мұрасын таныту, өнерге деген қызығушылығын арттыру. Алдағы күндері түрлі танымдық, тәрбиелік іс-шаралар жалғасын табады.
Мемлекеттік рәміздерге құрмет-елге деген сүйіспеншіліктің белгісі!
Бүгін 4”А” сыныбы дүйсенбі күнін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен бастады.Жас ұрпақтың жүрегінде Отанға деген мақтаныш пен патриоттық сезім қалыптастыру - біздің басты мақсатымыз.







