|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
Бүгін 6 «А» сыныбында ерекше атмосфераға толы «Досболlike. Буллингтен қорған!» атты тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараны сынып ата-аналары ұйымдастырып, оқушыларға достықтың маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Балалар «Дос қандай болу керек?» тақырыбында бейнеролик көріп, өз ойларын ашық жеткізді.
Топтық жұмыс барысында оқушылар сыныптың ортақ «Достық ережесін» құрастырып, бірлік пен сыйластықтың маңызын түсінді.
Сонымен қатар, «Буллингтен қорған!» тақырып аясында балалар буллингтің алдын алу, бір-бірін қорғау және қолдау көрсету туралы пікір алмасты.
Қауіпсіздік сабағында «Жасанды интеллект: оған сөзсіз сену керек пе?» тақырыбы қозғалып, оқушылар заманауи технологияларды дұрыс әрі саналы қолдану туралы ой бөлісті.
Осындай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шараны ұйымдастырған ата-аналарға алғысымыз шексіз!
Тәрбие сағатын ұйымдастырушы жауапты ата-ана — Арғынбай Перизат Ержанқызы.
Осындай мағыналы, заманауи және әсерлі іс-шара үшін үлкен рақмет!
Сынып жетекшісі: Бекенова А. Т.
“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында бүгін мектебімізде экологиялық онкүндіктің қорытындысы өтті. Он күн бойы ұйымдастырылған түрлі шаралардың нәтижесі шығарылып, белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.
Экологиялық онкүндік аясында “Қалдық заттарға екінші өмір” көрме-байқауы, “Эко-сынып”, “Таза Қазақстан – Таза Баянауыл” фото-видео байқауы, “Менің эко-отбасым” байқаулары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар “Таза жағалаулар” акциясы, сенбіліктер, “Түлектер аллеясы” акциясы өткізілді. Мектеп жылыжайында жұмыстар жүргізіліп, экологиялық қалдық заттарды жинау акциялары мен тәрбие сағаттары өтті.
Өткізілген шаралардың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар 600 кг тұрмыстық қалдық жинап, қайта өңдеуге тапсырған 8 “А” сынып оқушысы Мұрат Ботажанға велосипедке сертификат табысталды. 🚲
Барлық шараларға белсене қатысқан оқушылар мен ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!







