|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
22
Қыркүйек
2026
|
Табиғатқа қамқорлық – әрқайсымыздан басталады! Мектебімізде табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында экологиялық акция ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар белсенділік танытып, аумақты қоқыстан тазалап, металл, пластик қайта өңдеуге болатын қалдықтарды жинады. Бұл – жай ғана тазалық жұмысы емес, табиғатқа деген жауапкершілікті сезінуге, еңбекке баулуға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға бағытталған маңызды қадам. Таза табиғат – жарқын болашақ! Қалдықты сұрыпта – табиғатты қорға! Эко-Life – бізбен бірге табиғатты қорғайық!
|
22
Қыркүйек
2026
|
«Тоғыз тағдыр» деректі фильмі көрсетілді«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында мектебіміздің оқушыларына «Тоғыз тағдыр» деректі фильмі көрсетілді.Фильмде адам өміріндегі маңызды таңдау, қабылданған шешімдердің салдары, заң талаптарын сақтау және әрбір іс-әрекетке жауапкершілікпен қарау мәселелері қамтылды.Көрсетілім барысында оқушылар құқықтық сауаттылықтарын арттырып, заң мен тәртіпті құрметтеу, қауіпсіздікке мән беру және жауапты шешім қабылдаудың маңыздылығы жөнінде ой түйді.







