Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
4
Қараша
2024
|
Қымбатты оқырмандар, ата-аналар, ұстаздар!
Баланың өмірі бәрінен қымбат. Балаларымыздың психологиялық жағдайын, олардың ішкі жан-дүниесін түсінуге тырысып, оларға әрдайым қолдау көрсету маңызды.
Биылғы жылы қабылданған “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы шеңберінде енгізілген “Өнегелі 15 минут” шарасы — ата-аналар үшін күнделікті баламен тығыз байланыс орнатудың тиімді жолдарының бірі. Бұл шараның мақсаты — әр ата-ананы күнделікті баласымен ашық сөйлесуге, оның жан дүниесіне үңілуге және оған қолдау көрсетуге үндейді. Күнделікті 15 минуттық әңгімелесу арқылы ата-аналар баланың психологиялық жай-күйін біліп, оның өміріне етене араласа алады. Бұл уақыт тек баланың сабақтарын немесе қызығушылықтарын ғана емес, сонымен қатар оның уайымдары мен ойларын түсіну үшін де өте маңызды.
Бұл тек “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы шеңберіндегі бала қауіпсіздігі үшін ата-анаға ой тастаған бір шара. Бірақ мағыналық мәні тереңде жатыр.
“Өнегелі 15 минут” - баланың ішкі әлемін танып-білу, оның мәселелерін тыңдап, баласына сенімді тірек болып, оның қауіпсіздігі мен бақытты болашағы үшін қажетті қадамдар жасаудың маңыздылығын айқындауға бағытталған.
Балаңызбен сөйлесуге, оны қолдауға уақыт бөліңіз, себебі олардың амандығы — сіз үшін ең басты байлық.