|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
8
сентября
2026
|
Отбасы күніне арналған іс- шара барысында 9-сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасы – басты құндылық» тақырыбында пікірталас өтті. Іс-шараға заңгер Сейткулов Жанат Жақыбайұлы қатысып, оқушылармен мазмұнды әңгіме жүргізді.Пікірталас барысында отбасының адам өміріндегі маңызы, отбасылық құндылықтар, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, өзара сыйластық пен жауапкершілік мәселелері талқыланды. Заңгер оқушыларға отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері туралы түсіндіріп, өмірлік жағдайларға байланысты пайдалы кеңестер берді.
Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті және көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Пікірталас барысында оқушылар отбасының қоғамдағы маңызды рөлін түсініп, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтеудің маңызын ұғынды. Өткізген А.А.Жуматова, Ж.Ш.Сарбасова

|
7
сентября
2026
|
Отбасы күніне орай мектеп психологы А.А. Жуматова 11сынып оқушыларымен “Салауатты қарым- қатынас” тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушылар өзара түсіністік пен сыйластықты қалыптастыру, жеке шекараны сақтау және өзгелердің шекарасын құрметтеу, эмпатия мен тыңдай білу мәдениет дағдыларын практикалық түрде көрсете білді.







