|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
4
сентября
2026
|
ДЕНСАУЛЫҚ — БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!
Бүгін мектебімізде оқушылардың салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылығын арттыру және денсаулықтың маңызын түсіндіру мақсатында «Денсаулық күні» ұйымдастырылды.
Күн барысында оқушылар түрлі спорттық ойындар мен көңілді жарыстарға қатысып, өздерінің шапшаңдығы мен ептілігін, ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсетті.
Әрбір сайыс — достық пен бірлікті нығайтып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушылар спортпен шұғылданып, таза ауада белсенді қозғалыста болып, күнді пайдалы әрі қызықты өткізді.
Дені сау ұрпақ — ел болашағы!
|
23
июля
2026
|
Хабарландыру!
«Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» КММ төмендегі педагогикалық лауазымдарға бос орындар бар екенін хабарлаймыз!
Бос лауазымдар:
• Көркем еңбек пәнінің мұғалімі (қыздарды оқытатын) – уақытша бос лауазым; 1 бірлік
• Көркем еңбек пәнінің мұғалімі (ұлдарды оқытатын); 1 бірлік
• Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – 3 бірлік
• Математика пәнінің мұғалімі – уақытша бос лауазым, 1 бірлік;
• Математика пәнінің мұғалімі – 1 бірлік;
• Физика пәнінің мұғалімі – 0,5 бірлік;
• Педагог-ассистент – уақытша лауазым, 1 бірлік;
• Логопед – 1 бірлік;
• Мектепалды даярлық сынып мұғалімі – 1 бірлік.
Байланыс мәліметтері:
• Мекенжайы: Павлодар облысы, Баянауыл ауылы, М. Шорман көшесі, 2.
• Телефон: 8 (71840) 9-25-18
• Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.







