|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
12
декабря
2025
|
12.12.25 күні физика пәнінен 8 «Ә» сыныбында Lesson Study зерттеу тобы кезекті сабағына қатысты. Сабақ барысында зерттеуге алынған оқушылардың оқу үдерісі бақылауға алынып, мұғалімнің қолданған әдіс-тәсілдерінің тиімділігі талданды. Зерттеу тобы сабақ соңында бірлесе отырып кері байланыс беріп, алдағы сабақтарды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірледі.
|
12
декабря
2025
|
Мектеп Парламенті: “Есірткі — ғасыр дерті” ақпараттық шарасы
Бүгін мектеп парламенті оқушылар арасында “Есірткі — ғасыр дерті” тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Шараның мақсаты:
Оқушыларға есірткінің адам өміріне, денсаулығына және болашағына тигізетін зиянды әсерлері туралы жан-жақты ақпарат беру;
Жастар арасында дұрыс өмір салтын насихаттау;
Қауіпті әрекеттерден аулақ болып, саналы таңдау жасауға бағыттау;
Есірткіге қарсы қоғамдық жауапкершілік пен көзқарас қалыптастыру.
Шара жасөспірімдерге өз денсаулығы мен болашағына жауапты қарауға үндеді.







