|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
20
апреля
2026
|
“Ұлттық кітап күні” аясында ұйымдастырылған «Кітап әлемінде» атты квест шарасы оқырмандарды кітаптың ғажайып әлеміне жетелеген ерекше танымдық іс-шара болды. Қатысушылар түрлі бекеттерден өтіп, өз білімдері мен зеректіктерін сынады. Олар авторлар мен шығармаларды сәйкестендіріп, викториналық сұрақтарға жауап беріп, қызықты жұмбақтарды шешу арқылы әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырды.
Квест барысында әр қатысушы өз мүмкіндігін көрсетіп қана қоймай, кітаптың адам өміріндегі маңызын тереңірек түсінді. Шара көңілді атмосферада өтіп, білім мен ойын ұштастырған әсерлі сәттерге толы болды. «Кітап әлемінде» квесті оқырмандарға жаңа шабыт сыйлап, кітапқа деген сүйіспеншілікті одан әрі арттыра түсті.
|
20
апреля
2026
|
Бүгін 6 «А» сыныбында ерекше атмосфераға толы «Досболlike. Буллингтен қорған!» атты тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараны сынып ата-аналары ұйымдастырып, оқушыларға достықтың маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Балалар «Дос қандай болу керек?» тақырыбында бейнеролик көріп, өз ойларын ашық жеткізді.
Топтық жұмыс барысында оқушылар сыныптың ортақ «Достық ережесін» құрастырып, бірлік пен сыйластықтың маңызын түсінді.
Сонымен қатар, «Буллингтен қорған!» тақырып аясында балалар буллингтің алдын алу, бір-бірін қорғау және қолдау көрсету туралы пікір алмасты.
Қауіпсіздік сабағында «Жасанды интеллект: оған сөзсіз сену керек пе?» тақырыбы қозғалып, оқушылар заманауи технологияларды дұрыс әрі саналы қолдану туралы ой бөлісті.
Осындай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шараны ұйымдастырған ата-аналарға алғысымыз шексіз!
Тәрбие сағатын ұйымдастырушы жауапты ата-ана — Арғынбай Перизат Ержанқызы.
Осындай мағыналы, заманауи және әсерлі іс-шара үшін үлкен рақмет!
Сынып жетекшісі: Бекенова А. Т.







