|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
16
апреля
2026
|
“Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында мектебімізде қоқысты сұрыптау және қайта өңдеуге тапсыру жұмыстары жүргізілді. ♻️
Жиналған қалдықтар сұрыпталып, қайта өңдеуге жіберілді. Атап айтқанда, Қарағанды қаласына 410 кг картон, ал Павлодар қаласына 980 кг макулатура тапсырылды.
Қоқысты сұрыптау арқылы біз Баянауылдың әсем табиғатын ластанудан қорғауға өз үлесімізді қосып қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастырып, экономикалық пайда табуға мүмкіндік алып отырмыз. 🌿
Түскен қаржылай қаражат экологиялық апталықтың қорытындысында белсенді қатысқан оқушыларға сыйлықтар мен сертификаттар табыстауға жұмсалады.
Сонымен қатар, Қарағанды қаласына картон тапсыруға көмек көрсеткен ауданымыздың жеке кәсіпкері Ахметов Ардак Болатұлына және ата-аналарымызға мектебіміздің атынан шынайы алғысымызды білдіреміз.
Ш. Аймановтың 112 жылдығына арналған аудандық әскери-қолданбалы жарыс
Ш. Аймановтың 112 жылдық мерейтойына орай аудандық әскери-қолданбалы жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа аудан мектептері қатысып, өзара бақ сынасты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
• Ш. Айманов атындағы ЖОББМ – І орын
• М. Көпеев атындағы ЖОББМ – ІІ орын
• М. Әуезов атындағы ЖОББМ – ІІІ орын
• Бекмаханов атындағы ЖОББМ – ІІІ орын
Жарыс қатысушылары жоғары дайындықтарын көрсетіп, әскери-патриоттық рухтарын дәлелдеді.







