|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
15
апреля
2026
|
“Бәрін таста, кітап оқи баста!”
“Балалар кітапханасы” республикалық жобасы аясында мектебімізде үлкен үзілісте ерекше оқу сәті ұйымдастырылды.
Оқушылар күнделікті қарбаласты бір сәтке ысырып қойып, кітап әлеміне саяхат жасады 📖 Әр бет – жаңа ой, жаңа әсер!
📌 Шараның мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және бос уақытты тиімді пайдалану.
💡 Кітап – білімнің кілті, рухани байлықтың бастауы!
|
14
апреля
2026
|
Құттықтаймыз!
Мағжан Жұмабаев шығармашылығына арналған “Мағжан оқулары” республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңінде мектебіміздің 10-сынып оқушысы Қайрат Бекарыс жүлделі III дәрежелі диплом иегері атанды.
Жетістікке жеткен оқушымызды және жетекшісі, мұғалімі Т.Қ. Ахатовты шын жүректен құттықтаймыз!
Жас дарынның алар асуы биік, шығармашылық табыстары мол болсын!








