Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
---|
13
февраля
2025
|
Ауған соғысының ардагерлері мерекесіне орай Баянауыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің ұйымдастырумен алғашқы әскери дайындық ұстаздары арасында әскери қолданбалы жарыс өтті. Қорғаныс жиынтығын қию, атыс дайындығы, автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтау, саптық дайындығы бойынша кезеңдерден тұрды. Ауған соғысының ардагерлері Молдасарин Қайрат Айткенович, Молдажанов Сайлау Крыкбесович, Оралбаев Толеген Мукатаевич қатысты.
13
февраля
2025
|
«Жас ұлан» ұйымының ұйымдастыруымен
5-10 сыныптарға арналған «Бизнес жоба» жәрмеңке ұйымдастыру өз жұмысын жалғастыруда. Бүгін 7 сынып оқушылары өз қолдарымен дайындаған тағамдарын сатты. Ережеге сай қатысушылар тіркеуден өтті. Жиналған қаражат түбіртегі төрешілерге тапсырылды. Жиналған қаражат оқушыларға бизнестерін әрі қарай жалғастыру үшін өздеріне қайтарылды. Бұл жоба әр бейсембі күні әрі қарай өз жұмысын жалғастырады.
Естеріңізге сала кетейік белсене қатысқан оқушыларды ұмытылмас 1 күндік демалыс күтеді.