|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының жоспарына сәйкес «Сөз – ойдың айнасы» тақырыбында коучинг өткізілді.
Коучинг барысында мұғалімдер сөз мәдениеті, ойды жүйелі әрі әсерлі жеткізу, тілдің құдіретін түсіну туралы пікір алмасты. Әртүрлі тапсырмалар мен талқылаулар арқылы қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеялар алды.
Іс-шараның мақсаты – тіл мәдениетін дамыту, сөз құдіретін ұғындыру және педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру.
Осындай тағылымды кездесулер әріптестер арасында тәжірибе алмасуға және шығармашылық ізденіске жол ашады.
Бүгін мектебімізде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, буллингтің алдын алу мақсатында жоғары сынып оқушылары және олардың ата-аналарымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында оқушыларға құқықтық тәртіпті сақтау, бір-біріне құрметпен қарау, буллингтің алдын алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты қысқаметражды фильмдер көрсетіліп, оқушылар мен ата-аналар өз пікірлерімен бөлісті.
Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз, сыйластыққа негізделген орта қалыптастыру.







