|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
24
февраля
2026
|
Облыстық “Ұрпақ үні” жобасы аясында ұйымдастырылып жатқан “Ұрпақ үні Abai Generation” байқауында Абай Құнанбайұлының 33-қара сөзі бойынша жасанды интеллект пен креативті бағытта өнер көрсетіп жатқан қатысушымыз —
🎓 Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының дарынды оқушысы Құрманғазы Мәди 7 “А” сынып оқушысы.
Мәди — мектебіміздің күйші, өнерпаз шәкірті. Қазақ халқының музыкалық өнерін, әсіресе домбыра өнерін жастайынан бойына дарытып, күй тартуды жетік меңгерген, талантымен көзге түсіп жүрген дарынды бала.
|
24
февраля
2026
|
«Заң және тәртіп», «Айқын нәтиже» жобалары аясында мектебімізде профилактикалық бағыттағы рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында 21 отбасы (28 оқушының) тұрғылықты мекен-жайына барып, оқушылардың тұрмыс жағдайы, тәрбиесі, бос уақытын тиімді өткізуі және қауіпсіздігі назарға алынды. Сонымен қатар ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, құқықтық сауаттылық және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.
🔺Рейдтің негізгі мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушыларға әлеуметтік қолдау көрсету және отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың тәртібі мен оқу үлгерімін жақсартуға, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған нақты қадамдар жасалуда.








