|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
19
февраля
2026
|
Мектеп парламенті жобасы
Мектебімізде ерекше форматтағы әсерлі сұхбат ұйымдастырылды. Парламент мүшелері ұстаздармен “Мен мұғалім болмасам, кім болар едім?” тақырыбында сырлы әңгіме өрбітті.
Сұхбаттан кейін жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы ұстаздарымыз өздері таңдауы мүмкін болған басқа мамандық бейнесін сезініп, жаңа қырынан танылды. Бұл сәт олардың бала күнгі армандарын жаңғыртып, қиялға қанат бітірген ерекше тәжірибеге айналды.
✨ Іс-шараның басты мақсаты — ұстаз тұлғасын жақынырақ танып, олардың қызығушылығы мен өмірлік таңдауларын білу және оқушыларға шабыт сыйлау.
Нұржанқызы Ясмина 11А сынып оқушысы Республикалық «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік жобасына қатысып, білімін сынап, жаңа белеске қадам жасады✨
«Хабар» телеарнасындағы білім бәйгесінде өз мүмкіндігін көрсетіп, үлкен тәжірибе алды. Бұл – тек бастамасы!








