|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
20
февраля
2026
|
«Кешкі кітапхана» жобасы аясында өткен «Ұтқыр ой алаңы» зияткерлік сайысы – жастардың басын қосқан керемет рухани кеш болды. «Ұтқыр ой алаңы» зияткерлік сайысында «Шабыт», «Талант», «Парасат» топтары музыка, кино және әдебиет бағыттары бойынша бақ сынап, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.
Сайыс барысында түрлі кезеңдер бойынша командалар жылдамдықта, ой ұшқырлығында, сөз мәдениетінде өзара тартысты жарыс өткізді. Кештің ерекше бөлігі – «Жасанды интеллект адамды алмастыра ма, әлде көмекші құрал ма?» тақырыбындағы пікірталас болды. Әр топ өз көзқарасын дәлелмен жеткізіп, технология мен адам еңбегінің арақатынасы туралы ойларын мәдениетті түрде қорғады. Бұл кезең жастардың заманауи ойлау қабілетін айқын көрсетті.
Қорытынды нәтижесі:
I орынды Ш.Айманов атындағы ЖОББ гимназия мектеп‐интернатының ұстаздары «Талант» тобы жеңіп алды. Ал, II орын Баянауыл көпсалалы колледж ұстаздары – «Шабыт» тобына бұйырды, III орынға Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері – «Парасат» тобы ие болды.
|
20
февраля
2026
|
Облыстық “Ұрпақ үні “ жобасы аясында өткізіліп жатқан Облыстық “Ұрпақ үні Abai Generation “ ЖИ мен креативті (7-ші қара сөзі) Қатысушысы : Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 9 ә сынып оқушысы Сапарғали Мадина.
Жетекшісі: Абилова Гулия Бабаевна
Жоба аясында қатысып отырған оқушымызға алда сәттілік, жеңіс тілейміз. Барынша қолдап кетуілеріңізді сұраймыз.







