|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
29
мая
2026
|
Құрметті ата-аналар сүйікті оқушылар! 🌞
Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты 1–6 сынып оқушыларын “Тұлпар” жазғы сауықтыру лагеріне қуана шақырады!
Жазғы лагерь — балалардың демалып қана қоймай, жаңа орта тауып, қызықты сәттерге толы уақыт өткізетін ерекше мекен. Мұнда әр күн шаттық пен қуанышқа толы болады!
🎉 Сіздерді күтеді:
✨ Көңілді ойындар мен қызықты сайыстар
✨ Спорттық жарыстар мен эстафеталар
✨ Танымдық саяхаттар
✨ Би, ән және шығармашылық үйірмелер
✨ Таза ауадағы серуендер
✨ Жарқын естеліктер мен жаңа достар
Балалардың жазғы демалысын қызықты, белсенді әрі пайдалы өткізудің тамаша мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!
🌟 “Тұлпар” лагерінде әр балаға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйланады!
|
29
мая
2026
|
Құрметті мектебіміздің 7–10 сынып оқушылары!
«Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» КММ
сіздерді «Қарлығаш» бейінді лагеріне шақырады!
Лагерь барысында оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы демалыс ұйымдастырылады. Сонымен қатар бірнеше үйірмелер жұмыс жасап, әр оқушы өз қабілетін шыңдап, жаңа достар табуға мүмкіндік алады.
✨ Қызықты ойындар
✨ Спорттық жарыстар
✨ Шығармашылық жұмыстар
✨ Би, ән, қолөнер үйірмелері
✨ Көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын естеліктер
Жазғы демалысты бірге көңілді өткізейік!







