|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және Баянауыл ауданының тұрғындары!
Грипп, ЖРВИ және COVID-19 ауруларының өсуіне байланысты мектептер мен балабақшаларда барлық қажетті санитарлық-профилактикалық шаралар жүргізілуде.
Барлық білім беру ұйымдарында күн сайын таңғы сүзгі ұйымдастырылған: ЖРВИ белгілері бар немесе өзін нашар сезінген балалар сабаққа жіберілмейді. Барлық мекемелерде оқушылар мен қызметкерлер еркін пайдалана алатын санитайзерлер мен антисептиктер жеткілікті.
Егер бір сыныпта инкубациялық кезең ішінде ЖРВИ-мен ауырғандардың саны 20–30%-ға жетсе, сыныптың дәстүрлі форматтағы оқу үрдісі уақытша тоқтатылуы мүмкін. Ал егер көрсеткіш 30%-дан асса, сынып 10 күнге онлайн оқыту форматына ауыстырылады.
Ата-аналардың алаңдаушылығын түсінеміз және әрдайым ашық диалогқа дайынбыз.
Барлық сұрақтар бойынша мектеп-интернат басшысынның WhatsApp желісіне хабар жолдай аласыз: +7 708 695 5342
Өзіңізді және балаларыңызды сақтаңыздар!
|
20
ноября
2025
|
8-9сынып тәрбиеленушілерімен “Буллинг” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Өткізген: Ш.Н.Фаменова, Г.Б.Абилова
Мақсаты: Буллинг» және «Кибербуллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларының алдын алу; Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.







