|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
27
декабря
2025
|
Қош келдің, Жаңа жыл! 🎅✨
Бүгін мектебімізде
«Қош келдің, Жаңа жыл!» атты
ертеңгілік өтті 🎉
Бұл мерекелік шараға
✨ Даярлық I, II топтары
✨ 1 «А», 1 «Ә», 4 «А», 4 «Ә», 4 «Б» сынып оқушылары
қатысып, өнерлерін ортаға салды 💫
Балалардың шат күлкісі мен
жаңа жылдық көңіл күй
баршаға ерекше қуаныш сыйлады
|
26
декабря
2025
|
«Ұлттық стайл» жобасы аясында 4 «Ә» сынып оқушылары қазақтың ұлттық нақышын дәріптеп, шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Оқушылар ұлттық ою-өрнектерді пайдалана отырып, сәндік бұйымдар мен қолөнер туындыларын жасады. Бұл жоба балалардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиеледі.
Сынып жетекшісі: Нургалиева Н.







