|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
6
апреля
2026
|
“Family day” акциясы аясында “Анаммен бірге” тақырыбынба акциясы қатысушы Кедербай Мунира 1 “А”
Мектебімізде 5–8 сынып оқушылары арасында “Өлең – жүректің үні” атты өлең оқу сайысы өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, поэзия арқылы рухани дүниесін байыту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту болды.
Сайыс барысында оқушылар қазақ ақындарының жүрек тебірентерлік өлеңдерін жатқа, әсерлі әрі мәнерлеп оқыды. Қатысушылардың әрқайсысы өз өнерлерін барынша көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Оқушылардың сахна мәдениеті, дауыс ырғағы, сезіммен жеткізу шеберлігі қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен оқушылар марапатталып, алғыс хаттармен және дипломдармен наградталды. Бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, олардың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттырды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенімдеміз.







