|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
3-4 сынып интернат тәрбиеленушілері мен жылдық жоспарға сай “Қауіпсіз балалық шақ: өз құқығымды білемін, өз қауіпсіздігімді қорғаймын!” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға бала құқықтары мен міндеттері туралы түсінік қалыптастыру, қауіпсіз және қауіпті жағдайларды ажырата білуге үйрету, қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдап, сенімді ересектерден көмек сұрауға дағдыландыру, мектептегі және интернеттегі қауіпсіздік ережелерін бекіту,
қауіпті жағдайда әрекет ету алгоритмін үйрету,
бір-бірінің құқықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Өткізген: А.О.Садыкова
Н.М.Амирова

|
17
сентября
2026
|
«Кітап оқитын ұлт»
Мектебімізде 6–10 сынып оқушылары арасында «Кітап оқитын ұлт» жобасына тіркелу жұмыстары жүргізілді.
Жобаға оқушылар белсенділік танытып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын білдірді. 📖✨
Кітап — білімнің қайнар көзі, ой-өрісті кеңейтетін, рухани дамуға жол ашатын құндылық. Оқушыларды кітап оқуға баулу — білімді әрі саналы ұрпақ қалыптастырудың маңызды қадамы.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Кітап оқиық, білімді болайық!








