|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
6
мая
2026
|
Кәсіптік бағдар беру кездесуі
Мектебімізде 9-сынып оқушылары үшін ерекше маңызды кездесу өтті. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері оқушылармен жүздесіп, құтқарушы мамандығының қыр-сырымен жан-жақты таныстырды.
Кездесу барысында:
• Төтенше жағдайлар саласындағы оқу орындарына түсу тәртібі;
• Құтқарушылардың күнделікті қызметі мен атқаратын жұмыстары;
• Мамандыққа қойылатын негізгі талаптар (физикалық дайындық, психологиялық төзімділік) туралы толық ақпарат берілді.
Оқушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, арнайы техникалар мен құтқару құрал-жабдықтарымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Бұл кездесу болашақ түлектерге мамандық таңдауда маңызды бағыт-бағдар берді.
👨🚒 Шараға арнайы қатысқан Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының 4 курс курсанты Оразбай Рүстем өз тәжірибесімен бөлісіп, мамандықтың жауапкершілігі мен маңызын түсіндірді.
📍 Осындай кездесулер оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға және болашақ мамандығын саналы таңдауға үлкен септігін тигізеді.
Құрметті Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының ардақты түлектері!
Сіздерді қасиетті қара шаңырақ-туған мектебімізден түлеп ұшқандарыңызға 5,10,15,20,25,30,35,40,45 жыл толуына орай ұйымдастырылатын мерейлі кездесу кешіне шын жүректен шақырамыз!
Күні: 25 мамыр 2026 жыл
Уақыты: 10:00
Орны: Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ
Сіздерді асыға күтеміз!
Ізгі ниетпен, мектеп ұжымы








