ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
19
ноября
2025

МИФ аталығының жоспарына сәйкес 5, 6, 7, сынып оқушыларының арасында “АЛТЫН САҚА” интелектуалдық ойыны өткізіліп, оқушылар мараппатталды. Өткізген пән мұғалімдері

17
ноября
2025

Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы командалары арасында өткен «Ұланбыз – ұлттың үміті. Жайдарлы Жас Ұлан»атты облыстық интеллектуалдық байқаудың аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті.

Сайыс екі кезеңнен тұрды:
1-кезең – Сәлемдесу
2-кезең – Биатлон (15 әзіл)

Байқауда мектебіміздің намысын қорғаған «Талдырайық» командасы жүлделі 3-орын иеленді.
Құттықтаймыз! Жас ұландарымызға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

17
ноября
2025

1 “А” сыныбында “Сәлем-сөздің анасы”, 1 “Ә” сыныбында “Үлкенге құрмет, кішіге міндет” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Сынып жетекшісі оқушыларға үлкендерді сыйлау, құрметтеу және кішіге қамқор болу туралы түсінік беріп, ұлттық тәрбиенің негізі саналатын әдептілік, сыпайылық жайында маңызды әңгіме өрбітті.

32

17
ноября
2025

DosBol Like акциясында 7 “а” сыныбы бірге көңілді би билеп, керемет атмосфера тудырды!
Оқушылардың энергиясы, достық көңіл-күй және жарқын эмоциялар -осының бәрі ерекше сәттер✨✨✨

17
ноября
2025

Буллингтен қорған – қауіпсіз орта кепілі!

Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатында 5 “Ә”, 6 “Ә”, 8 “А”, 9 “Ә” сыныптарында «Буллингтен қорған»,”Қауіпсіздік сабағы” тәрбие сағаттары өткізілді.

Тәрбие сағаты балалардың бойында адамгершілік, достық және сенімділік ұғымдарын тереңірек ұғынуға бағытталды.

29

17
ноября
2025

«Ақылдың үш қыры: Физика, Математика, Информатика» апталығы басталды!

Ш.Айманов атындағы жалпы білім беретін мектеп-интернатында 2025–2026 оқу жылының 17–21 қараша аралығында физика, математика және информатика пәндеріне арналған апталық өз жұмысын бастады.
Апталықтың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру, жаратылыстану-математикалық сауаттылығын дамыту және ғылымға деген қызығушылығын ояту.
Алда түрлі байқаулар, зияткерлік сайыстар, жобалар мен қызықты кездесулер күтіп тұр.
Барша оқушылар мен ұстаздарға сәттілік пен шабыт тілейміз!

17
ноября
2025

«Буллингтен қорған бол!»
Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатында 2 “Ә” және 3“А” сыныптарында «Буллингтен қорған» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Сабақтың мақсаты – оқушыларға буллингтің зияны туралы түсінік беру, бір-біріне құрметпен қарауға, достық қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу.

Балалар шынайы өмірдегі мысалдармен бөлісіп, қауіпсіз орта қалыптастыру жолдарын талқылады.
Бірлік, өзара қолдау мен мейірімділік – мектептегі ең басты құндылық екені айтылды.

27

17
ноября
2025

Құрметті ата-аналар!
Балаларымыздың қауіпсіздігі – бәріміз үшін басты міндет.

Өскелең ұрпақты экстремизм мен терроризмнің зиянды ықпалынан сақтау – тек мектептің ғана емес, отбасындағы тәрбиенің де маңызды бөлігі.

Балаларыңыздың:
кіммен араласатынын,
ғаламторда қандай контент көретінін,
қандай топтар мен чаттарға қосылатынын
қадағалап отыру – олардың қауіпсіз болашағына жасалған маңызды қадам.

Бірлесе әрекет етсек – баламыздың саналы, қауіпсіз өсетініне сенім мол!

25

© 2026. Все права защищены.