ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
3
декабря
2025

«Зорлық-зомбылықсыз 16-күн» акция аясында 8-9 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуге Баянауыл аудандық полиция бөлімінің әйелдерді қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенаты Е.Мекеновна келіп дәріс оқыды.
Кездесудің мақсаты: Тұрмыстық зорлы-зомлықтың алдын алу.

2
декабря
2025

Бүгін мектеп парламентінің ұйымдастыруымен көңілді үзіліс өтті.
Оқушылар белсенді қатысып, жақсы көңіл күй сыйлаған тамаша шара болды!

3
декабря
2025

МИФ пәндік апталық қорытындысы негізінде мектебімізде «Жасанды интеллектті сабаққа кіріктіру жолдары» тақырыбында мазмұнды әрі әсерлі семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты – мұғалімдердің тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру және оқыту үдерісіне жаңа серпін беру болды.

Іс-шара барысында қатысушылар жаңартылған білім мазмұнына қатысты озық идеялармен бөлісіп, практикалық жұмыстар орындады. Сонымен қатар, семинарға қатысқан мұғалімдер заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану жолдарын талқылап, өз тәжірибелерінен мысалдар келтірді. Ұсынылған материалдар мен әдістемелік бағыттар қатысушылардың кәсіби біліктілігін арттыруға үлкен мүмкіндік берді.

Семинар соңында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, болашақта қолдануға болатын жаңа идеялар мен жоспарлар құрды. Мұндай шаралар ұстаздардың кәсіби дамуына, білім беру сапасының көтерілуіне және оқушылардың оқу мотивациясының артуына өз үлесін қосатыны сөзсіз.

2
декабря
2025

Ертегі әлеміне саяхат басталды!
Қиялға толы оқиғалар, сиқырлы кейіпкерлер сені күтеді.
Кел, бірге кітап оқып, ғажайып әлемге аттанайық!

24
ноября
2025

Математика, информатика, физика пәндері апталығы аясында 10А сыныбында «Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Пән мұғалімі: Маханова Г.М.

2
декабря
2025

“Ұлттық STYLE” жобасы
Бүгін оқушыларымыздың шығармашылығын шыңдап, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында ерекше жұмыс ұйымдастырылды.
🌟 Балалар ұлттық нақыштағы этностильде шырша ойыншықтарын жасап, өз қолөнер шеберліктерін танытты. Ою-өрнек, ұлттық түстер, дәстүрлі элементтер – барлығы да жаңа жылдық көңіл-күймен үйлесе отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
🧵 Бұл іс-шара оқушылардың эстетикалық талғамын дамытуға, ұлттық мәдениетті құрметтеуге және шығармашылық қабілеттерін арттыруға үлкен үлес қосты.

22
ноября
2025

Математика, информатика және физика апталығы аясында 7–10 сынып оқушылары арасында «Физиканың таңғажайып тәжірибелері» байқауы өтті.
Оқушылар өз білімі мен шығармашылығын танытып, қызықты тәжірибелер көрсетті.
Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс айтамыз! 🔬✨

© 2026. Все права защищены.