|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
7
сентября
2026
|
«Отбасы – аман, сарқылмас қазына». Отбасы – адам өміріндегі ең қымбат құндылық, мейірім мен сүйіспеншіліктің, сыйластық пен татулықтың алтын бесігі.
Осы тақырып аясында оқушылардың отбасылық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту, ата-анаға деген құрметін арттыру мақсатында «Отбасы – аман, сарқылмас қазына» тақырыбында ашық сынып сағаты өтті.Сынып сағатына «Мерейлі отбасы» байқауының қатысушысы Джакитовтар отбасы арнайы шақырылып, өздерінің отбасылық дәстүрлері, құндылықтары мен өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Отбасы мүшелері оқушылармен жылы әңгіме жүргізіп, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, отбасындағы өзара сыйластық пен қолдаудың маңызы туралы ойларымен бөлісті.
Іс-шара барысында оқушылар белсенді қатысып, отбасы туралы өз ойларын ортаға салды. Ашық сынып сағаты тағылымды әңгімелерге, жылы лебіздерге және әсерлі кездесуге толы болды. Отбасы – береке бастауы, сарқылмас қазына! Әр шаңыраққа амандық, бірлік пен бақыт тілейміз! Өткізген 8”А” сынып жетекшісі Ж.Ж.Успанова, 8”Ә”сынып жетекшісі А.А.Абдуева
|
23
июля
2026
|
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА! 💙
Құрметті ата-аналар, түлектер, кәсіпкерлер және ауыл тұрғындары!
Жаңа оқу жылы қарсаңында Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп интернатында республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылуда.
Акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардан шыққан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсету. Әр бала мектепке толық дайын болып баруы үшін бірге атсалысайық! 🤝
🎒 Қабылданады:
📚 Мектеп сөмкелері
✏️ Кеңсе тауарлары
👔 Мектеп формасы
👟 Аяқ киім
📖 Оқу құралдары және басқа да қажетті заттар
🤝 Қайырымдылық жасауға ниет білдірсеңіз, төмендегі байланыс нөміріне хабарласа аласыз:
📞 8 (775) 479-35-72
+7 (777) 574-17-02
✨ Сіздің әрбір көмегіңіз – бір баланың жарқын болашағына жасалған үлкен қадам!
💙 Жақсылық жасау – жүректен!
💙 Балалардың болашағы – біздің қолымызда!
|
5
сентября
2026
|
Құрметті ата-аналар! Қымбатты балалар!15 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Басты мақсатымыз – балалардың жолда, мектепте және күнделікті өмірде қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Полиция қызметкерлері мектеп автобустарының қауіпсіздігін, олардың техникалық жағдайын, сондай-ақ мектеп маңындағы жолдар мен жаяу жүргіншілер өткелдерін тексеруде. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Мектептердегі қауіпсіздікке де ерекше көңіл бөлінуде. Бейнебақылау камераларын полицияның жедел басқару орталықтарына толық қосу жұмыстары жүргізілуде.
Әр мектепке полиция қызметкерлері бекітілген. Олар балалармен кездесіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, түрлі жағдайларда қалай дұрыс әрекет ету керектігін үйретуде.Құрметті ата-аналар!Бала қауіпсіздігі – тек полицияның немесе мектептің міндеті емес. Бұл – ең алдымен, ата-ананың да жауапкершілігі.
Күн сайын балаңызбен бірнеше минут қауіпсіздік туралы сөйлесіңіз. Жолды тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өту, жолдан өтерде жан-жағына қарау, телефонға алаңдамау, бейтаныс адамдармен бірге кетпеу сияқты қарапайым ережелерді үнемі еске салып отырыңыз.Қым�
Ш. Айманов атындағы мектеп-интернаты ұйымдастырған «Домбыра — асыл қазына» онлайн-челленджі өз мәресіне жетіп, аяқталды!
Жеңімпаздар:
🥇 І орын — Тұранәлі Айзада — 50 000 теңге
🥈 ІІ орын — Дәулетқан Айшуақ — 30 000 теңге
🥉 ІІІ орын — Құрманғазы Мәди — 20 000 теңге
Ұлттық өнерімізді ұлықтауға үлес қосып, челленджге белсене қатысқан баршаңызға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Домбыраның қоңыр үні әр шаңырақта күмбірлеп, ұлттық құндылықтарымыз ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін!

|
4
сентября
2026
|
ДЕНСАУЛЫҚ — БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!
Бүгін мектебімізде оқушылардың салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылығын арттыру және денсаулықтың маңызын түсіндіру мақсатында «Денсаулық күні» ұйымдастырылды.
Күн барысында оқушылар түрлі спорттық ойындар мен көңілді жарыстарға қатысып, өздерінің шапшаңдығы мен ептілігін, ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсетті.
Әрбір сайыс — достық пен бірлікті нығайтып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушылар спортпен шұғылданып, таза ауада белсенді қозғалыста болып, күнді пайдалы әрі қызықты өткізді.
Дені сау ұрпақ — ел болашағы!
ҚОРЫТЫНДЫСЫ!
«Нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ — Домбыра!»
Ұлттық домбыра күніне орай Ш. Айманов атындағы мектеп-интернатында ұйымдастырылған «Домбыра — асыл қазына» атты онлайн-челенджі өз мәресіне жетті!
Аталған шараға белсене қатысып, ұлттық өнерімізді ұлықтауға үлес қосқан барлық оқушыларға, ұстаздар мен ата-аналарға шын жүректен алғыс айтамыз! 🤝✨
4 шілде күні сағат 23:59-да челендж қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Озып шыққан жүйріктерімізді қарсы алыңыздар:
🥇 1-орын: Тұранәлі Айзада
🥈 2-орын: Дәлетқан Айшуақ
🥉 3-орын: Құрманғазы Мади
🏆 МАРАПАТТАУ РӘСІМІ:
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі:
📅 Күні: 07.07 (7 шілде)
⏰ Уақыты: Сағат 12:00-де
📍 Орны: Ш. Айманов атындағы мектеп-интернатында өтеді.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және марапаттау сәтінде күтеміз!

|
23
июля
2026
|
Хабарландыру!
«Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты» КММ төмендегі педагогикалық лауазымдарға бос орындар бар екенін хабарлаймыз!
Бос лауазымдар:
• Көркем еңбек пәнінің мұғалімі (қыздарды оқытатын) – уақытша бос лауазым; 1 бірлік
• Көркем еңбек пәнінің мұғалімі (ұлдарды оқытатын); 1 бірлік
• Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі – 3 бірлік
• Математика пәнінің мұғалімі – уақытша бос лауазым, 1 бірлік;
• Математика пәнінің мұғалімі – 1 бірлік;
• Физика пәнінің мұғалімі – 0,5 бірлік;
• Педагог-ассистент – уақытша лауазым, 1 бірлік;
• Логопед – 1 бірлік;
• Мектепалды даярлық сынып мұғалімі – 1 бірлік.
Байланыс мәліметтері:
• Мекенжайы: Павлодар облысы, Баянауыл ауылы, М. Шорман көшесі, 2.
• Телефон: 8 (71840) 9-25-18
• Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
|
3
июля
2026
|






