|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
21
мая
2026
|
Бірінші сыныпқа құжат қабылдау мерзімі бекітілді
Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылына арналған бірінші сыныпқа құжат қабылдау науқанын кезең-кезеңмен ұйымдастыру кестесін бекітті.
Құжат қабылдау 2026 жылдың 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Бұл ақпараттық жүйелерге түсетін жүктемені азайтып, ата-аналар үшін өтініш беру процесін ыңғайлы етуге мүмкіндік береді.
Құжаттарды электрондық үкімет порталында тіркелу арқылы OQU платформасында онлайн түрде, сондай-ақ білім беру ұйымдарына тікелей барып тапсыруға болады.
Өңірлер бойынша қабылдау мерзімдері төмендегідей:
18 маусым – 31 тамыз Павлодар облысы
|
21
мая
2026
|
Құттықтаймыз!
Мектебіміздің жас құтқарушылары аудандық жарыста жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытып, жүлделі ІІІ орын иеленді!
Жарыс барысында оқушылар өздерінің ептіліктерін, шапшаңдықтарын және төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету дағдыларын көрсете білді. Бұл жеңіс — қажырлы еңбектің, табандылықтың және командалық рухтың жемісі.
Жеңімпаз оқушыларымызды және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!

Мектебімізде биылғы 11-сынып түлектерінің соңғы ашық сабағы өтті.
Бұл – мектеп қабырғасындағы балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басар сәттің жарқын көрінісі болды. Түлектер өз білімдерін, шығармашылықтарын және мектепке деген ыстық ықыластарын көрсетті.
Сабақ барысында әсерлі сәттер мен көтеріңкі көңіл-күй ерекше байқалды. Ұстаздарға деген алғыс, сыныптастарға деген сағыныш пен жүрекжарды тілектер айтылды.
Қадірлі түлектерімізге алдағы ҰБТ-дан жоғары нәтиже, жарқын болашақ және биік белестер тілейміз! Ақ жол, жас түлектер!
|
20
мая
2026
|
Дене шынықтыру және АӘТД пәндері апталығы аясында жоспарға сәйкес баскетбол үйірмесінен сабақтан тыс мектепішілік жарыс өткізілді.
Жарыс барысында оқушылар өздерінің ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетіп, командалық ойын арқылы ұйымшылдық пен спорттық шеберліктерін шыңдады. Қатысушылар белсенділік танытып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Спорттық шараның мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту.
Ұйымдастырушы пән мұғалімдері:
Жакенова П.Б
Шайхы И.Ж
Мектебімізде 4-сынып оқушыларының «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу кеші өтті.
Мерекелік шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, ұстаздарына жүрекжарды алғыстарын білдірді. Бастауыш сыныпта алған білімдері мен тәрбиесін мақтанышпен еске алып, балалық шақтың жарқын сәттерімен қоштасты.
Кеш барысында ата-аналар мен ұстаздардың ыстық лебіздері айтылып, оқушыларға сәттілік тілектері жолданды.
Бастауышпен қоштасқан түлектерімізге алдағы білім жолында биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!
Дене шынықтыру және алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндері бірлестігі апталығының жұмыс жоспарына сәйкес 10 “А” сыныбында пән мұғалімі Кошанов Н.Ж ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырды. Түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып, білім алушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.
Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.

|
21
мая
2026
|
«Жас құтқарушы – 2026» аудандық жарысы өтті
Бүгін Баянауыл ауданында жасөспірімдер арасында азаматтық қорғау мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларін дамыту және құтқарушы мамандығын насихаттау мақсатында «Жас құтқарушы – 2026» аудандық жарысы өткізілді.
Аталған іс-шараға Баянауыл ауданының жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары қатысып, өздерінің теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын сынады. Қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша өрт қауіпсіздігі, алғашқы көмек көрсету, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмдері, саптық дайындық және командалық жұмыс бағыттарында бақ сынасты.
Жарыс барысында оқушылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен жауапкершілікті көрсетті. Әрбір команда өз шеберлігі мен жылдамдығын дәлелдеп, жарыс тартысты әрі қызықты өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:
🥇 І орын – Шапық Шөкин атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебі
🥈 ІІ орын – Майқайың №2 жалпы орта білім беру мектебі
🥉 ІІІ орын – Шәкен Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, белсенді қатысушыларға алғыс білдірілді.
Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың қ
Бүгін мектебімізде Баянауыл ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғаныс майоры Азамат Кедербайұлы Қожабердейевпен кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды.
Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершілігін арттыруға үлкен септігін тигізеді.







