ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
5
Ақпан
2026

Бастауыш сынып апталығы аясында 2,3,4 сынып оқушыларының арасында өткізген “Білімді тапқырлар” интеллектуалдық ойын өткізілді.
Өткізген: А.Ж. Калышбекова, Н.Н. Шәріп

4
Ақпан
2026

Бастауыш сынып апталығы аясында
2️⃣ «А» сынып оқушыларымен қазақ тілі сабағында «Жұрнақ пен жалғау» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақ барысында оқушылар жұрнақ арқылы жаңа сөз жасауды, жалғау арқылы сөздерді байланыстыруды үйренді. Түрлі қызықты тапсырмалар орындап, өз білімдерін көрсетті.
Өткізген: Айтмаганбетова А.Н.

4
Ақпан
2026

Бастауыш сынып апталығы аясында 1а сынып оқушыларымен “Бәрінде білгім келеді “тақырыбында сыныптан тыс шара өткізілді. Өткізген: А.А.Оралбаева, А.К. Ахметова.

4
Ақпан
2026

Мектебімізде бракераж комиссиясы тарапынан ыстық тамақтың сапасын бақылау мақсатында кезекті тексеріс жүргізілді. Тексеру барысында дайын тағамдардың сапасы, дәмдік қасиеті, сыртқы көрінісі, температурасы және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігі мұқият қаралды.

Тексеру нәтижесінде ыстық тамақтың барлық талаптарға сай екені анықталып, ескертулер мен кемшіліктер тіркелмеді. Оқушылардың дұрыс әрі қауіпсіз тамақтануы – басты назарда.

4
Ақпан
2026

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 7–10 сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» дебат турнирі өтті.
Турнир барысында оқушылар «Болашақтың саналы азаматын қалыптастыратын – кітап оқу ма, әлде қауіпсіз цифрлық орта ма?» тақырыбында өз ойларын ортаға салып, өзекті мәселеге қатысты дәлелді пікірлерін ұсынды.
Пікірсайыс оқушылардың сыни ойлау қабілетін арттырып, өз көзқарасын еркін жеткізуге, қарсы тараптың пікірін құрметтеуге және қоғамдық мәселелерге саналы түрде баға беруге мүмкіндік берді.
Белсенділік пен ұшқыр ой, нақты дәлел мен мәдени диалог тоғысқан тартысты дебат жоғары деңгейде өтті.

3
Ақпан
2026

Аудандық «Шәкәрім оқулары» байқауында «Шәкәрім әлемі» бағыты бойынша 10-сынып оқушысы Қайрат Бекарыс ІІI орынды иеленді. Жетекшісі – Ахатов Т.

8

© 2026. Все права защищены.