ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области
Баянауыл а. Мұса Шорманов көшесі, 2
+7 (718) 409 25 18
pvl_bayan_mi@mail.ru pvl.bayan_mi@mail.kz

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернаты" КММ
КГУ "Средняя общеобразовательная школа-интернат имени Ш.Айманова" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области

МЕНЮ
31
Қаңтар
2026

30.01.26 күні 7 ә сыныпта “Интересные хобби” тақырыпқа интеграциялық ашық сабақ өтті. Оқушылар қызықты хобби туралы мәтінді оқып, екі тілде тапсырмаларды орындады. Сабақтың барысында оқушыларды бағалау үшін ЖИ “ауыл” шаблоны, бекіту мақсатында baamboozle платформасы қолданылды.

Өткізген: орыс тілі пәнінен мұғалімі Сартаева А.З, шет тілі пәнінен мұғалімі Абдуева А.А.

30
Қаңтар
2026

Тілдер апталығы аясында 3-4 сыныптар арасында “New Star” музыкалық ән кеші өткізілді. Оқушылар ағылшын тілде көрініс жасап, ән айтты.

31
Қаңтар
2026

Selfie Day — жарқын сәттер

Ағылшын және орыс тілдері апталығы аясында ұйымдастырылған Selfie Day мектепішілік конкурсы өз мәресіне жетті.
Конкурсқа мектеп оқушылары белсенді қатысып, өздерінің креативті, ерекше және позитивті сәттерімен бөлісті.

Әрбір селфи — мектеп өмірінің бір шуақты сәті, жақсы көңіл күй мен бірліктің көрінісі 💫
Осындай шаралар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, мектеп өміріне деген сүйіспеншілігін арттырады.

Барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіреміз

30
Қаңтар
2026

Аудандық “Заң мен тәртіп” қағидасы аясында жастар арасында өткен “Заң мен тәртіп: Жастар таңдауы” дебат сайысында 10 сынып оқушылары Қаппас Камила, Айбалта Айнұр 3 орын иелергері атынды. Құттықтаймыз!
Жетекшісі: А.Д.Шақырман

18

31
Қаңтар
2026

Бүгін мектеп оқушылары «Закладчики. Мать…» кинофильмін тамашалады.
Аталған фильм жасөспірімдер арасындағы қауіпті әрекеттердің, соның ішінде есірткі қылмысының салдары мен оның адам тағдырына, отбасыға тигізер ауыр зардабын көрсетеді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, зиянды әдеттерден сақтандыру, өмірлік дұрыс таңдау жасауға бағыт беру және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

30
Қаңтар
2026

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында зияткерлік ойын өтті
Мектебімізде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес мектеп парламентінің және қосымша білім беру педагогы Ханатұлы Ж. ұйымдастыруымен 5–7 сынып оқушыларына арналған “Ұшқыр ой алаңы” зияткерлік-ұлттық ойыны өткізілді.
Сайыс барысында оқушылар ұлттық құндылықтар, логикалық ойлау, тапқырлық пен командалық жұмыс бағытында өз білімдерін сынады. Іс-шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, белсенді азаматтық ұстаным мен әділдік қағидаларын қалыптастыруға бағытталды.
Осындай мазмұнды шаралар оқушылардың зияткерлік әлеуетін арттырып, ұлттық рухты нығайтуға үлкен үлес қосады.

30
Қаңтар
2026

 Movie Time
Бүгін ағылшын және орыс тілдері апталығы аясында 5–8 сынып оқушыларымен «Movie Time» атты сабақтан тыс іс-шара өткізілді.
Оқушылар ағылшын тіліндегі мультфильмнен үзінді тамашалап, жағымды атмосферада уақыт өткізді. 🍿🥤
Іс-шара соңында мультфильм мазмұны талқыланып, балалар өз ойларын еркін жеткізді.

✨ Осындай форматтағы іс-шаралар оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттырып, коммуникативтік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

🎯 Іс-шараның мақсаттары:
• ағылшын тілін тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту;
• оқушылардың сөздік қорын байыту;
• шет тіліне деген қызығушылықты арттыру;
• еркін пікір айтуға, өз ойын жеткізуге үйрету;
• оқушылар арасындағы жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру.

👩‍🏫 Өткізген мұғалімдер:
М. А. Саябек
А. Т. Бекенова
К. А. Жетписбаева
А. А. Абдуева

© 2026. Все права защищены.